Бизнес, Идеялар 28.09.2016 жариялады

Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы ағылшын тіліндегі түпнұсқасынан тікелей аударған табыс заңдылықтары туралы кітаптың біреуі осы Наполеон Хилл мырзаның кітабы.

Кітап мазмұнынан бұрын авторы жайлы ақпарат бере кетсем, Наполеон Хилл жас кезінен бастап табысқа жеткен Эндрю Карннги, Томас Эдисон және Александр Грэxэм Белл сяқты адамдардың өмірін зерттеп келген. Ол адам жетістік ғылымы бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымы болумен қатар, "Ойлан және байы", " Өз ғажайыбыңызды жасай аласыз", "Байлыққа жеткізер сиқырлы кіліт", "Санаң арқылы байы" және Е.Харольд Киоунмен бірлесе отырып жазған "Өзіңді сендіру арқылы табысқа жетіп, байы" атты кітаптардың авторы.

Ой-зат ретінде деп басталатын бөлімінде арманға жету үшін нақты мақсаттың болу керек екенін жеткізсе, Ықылас-бөлімінде нақты 6 ережемен танысасыз, осылай ішкі сезімдерді дамыту туралы бөлімдерге жалғаса береді, мысалға: сенім, қиял, шешім,табандылық, жыныстық трансмутация құпясы,түйсік, ми, алтыншы сезім, қорқыныш...

Кітапты барлықтарыңызға оқуға кеңес берем, бұл кітапта басқа кітаптар сяқты не істеу керектігін ғана емес, қалай жетуге болатындығын де үйретеді.

#maulenjanbolat
#ойлан_және_байы

117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,349 пікір
65,094 қолданушы