Қолжазба

Сәлеметсіз бе құрметті оқырман,

Бірінші дербес компьютер ойлап табылғаннан бастап адам өмірі бір қадам болса да жақсарды. Қолжазбаның қажеті азайды. Қате кетеді, қателесіп қалсам қайтадан басынан жазу керек болады деп уайымдамайсыз, өзіңізге ұнаған сөйлем болса көшіріп әуре болмайсыз. Тышқанның батырмасын немесе пернетақтаны қолданып керек деген сөйлемді өзіңізге көшіре аласыз. Бір сөзбен айтқанда кішкене болса да өмір жеңілдеді.

Осының салдарынан зардап шеккендер де бар деп ойлаймын. Солардың біреуі, мысалы, қалам шығару зауыты. Қалам сатып алушылар саны азайды және бұрын қаламға жұмсаған қаражатын қазір компьютер сатып алуға жұмсайды. Былай қарасаңыз бір адам үшін түк емес, ал қалам шығарушы зауыт үшін әр сатып алушы бағалы. Компания қанжығасына түсетін ақша азайды, көп жұмысшылар жұмысынан айырылды, кейбір компаниялар тіпті құрдымға кетті.

Компьютерден зардап шегушілер бұлар ғана емес. Қолжазбасына қарап автордың қандай екенін, кім болғанын айтып беретін адамдардың жайы не болмақ. Бәрінің жазуы бірдей, компьютер арқылы жазылған және принтермен басып шығарылған. Принтердің ерекшелігін айтып бермесе, бұл адамдарға мамандығын ауыстыруға тура келеді.

Ойымды түйіндесем, адамзат тоқтаусыз даму үстінде, бір кездері керек болған нәрсе қазіргі кезде мүлде қажетсіз болуы мүмкін. Сол өзгерістерге кейде 1-2 жыл кетіп жатса, кейде ондаған-жүздеген жылдар кетіп жатады. Қалай болғанда да, әрбір адам бір орында қатып қалмай осы өзгерістерге дайын болу керек. Мобильділік - қазіргі заман талабы.
Компьютерлер туралы 4.10.2016 жариялады
116,035 сұрақ
294,369 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы