Маңғыстау энергетикалық колледжінің қабырғасында  Нургазиева Галия Онгарқызы өзін терең білімі бар,   қабілетті маман ретінде көрсете білді.  Жалпы  педагогикалық өтілі  — 15 жыл.     Оқушының бойына ұшқыр ой, шығармашылық дарын, жаңа идеялар туындату, шәкірт бойындағы талант көзін ашу-өз пәнін терең меңгерген, үнемі ізденісте жүретін оқытушы үшін дағдылы  іс.

Қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары категориялы оқытушысы. 2004 жылдан бері Жаңаөзен қаласындағы №1 орта мектебінде оқытушы болып қызмет етсе, 2007 жылы тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары болып тағайындалды. 2013-2014 жылдары Ақтау қаласының №14 орта мектебінде оқу ісі жөніндегі директор орынбасары болып еңбек етсе, 2013 жылы МЭК қабырғасында методист болып қызмет етті. 2014 жылдан бері МЭК оқу ісі жөніндегі директор орынбасары болып қызмет етеді.

Оқытушының шығармашылық тақырыбы: «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың  шығармашылық қабілетін қалыптастыру» Осы бағытта қазіргі кездегі оқытудыңинновациялық технологияларының  элементтерін ұтымды қолданып жүрген оқытушы шәкірттерін өз  бетіншежұмыс  жасауға  бағыттап, дарынды  балалардың  дүниетанымының дамуына, шығармашылық  бейімділіктерінің жетілуіне жұмыстануда. Төменде оқытушының педагогикалық жетістіктері туралы танысайық.

 

2012-2013 оқу жылы Республикалық Кіші ғылыми академиясындаОқушысы  Өмірзақова Г. 2-орын

2012-2013 оқу  жылы  «Ең  үздік педагог»  облыстық  сайыста 3-орын «Ф.Оңғарсынова, М.Мақатаев, Т.Айбергенов шығармаларының тақырыптық ұқсастығы мен көркемдік ерекшеліктері», 2014 жыл Ақтау қаласы, Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу — әдістемелік кабинетінен бекітіліп, жарық көрді. (№1 хаттама, 12.03.2014ж)  «Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтың өмірінен естеліктер» көмекші құрал, 2014ж. (Шешім №1/2, 20.03.2014ж) жарық көрді.

2014 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік,  педагогикалық «Қазақ және әлем әдебиеті Казахская и мировая  литература»  журалының №3 санында «М.Шаханов  өмірі мен шығармашылығы» атты ашық сабақ үлгісі, «Балуан Шолақ Баймұрзаұлының өмірі мен шығармашылығы»тақырыбындағы ашық сабағы мен «Айтыс-халық тағдыры» атты тәрбие сағаты «Эдукон»  журналына жарияланды.

2013  жылы «Коллеги»  атты Қазақстандық интернет журнал «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру» баяндамасы жарық көрді.

Тасбулатова Раушан
Маңғыстау энергетикалық колледжі

Негізі мамандық 26.09.2016 жариялады
115,430 сұрақ
292,139 жауап
152,622 пікір
58,632 қолданушы