Ұлағатты ұстаз үлгісі - Садвокасова Алтыншаш

Білім беру саласында 33 жылдан астам абыроймен еңбек етіп келе жатқан Садвокасова Алтыншаш Кабылдиновна 2004 жылдан бері Маңғыстау энергетикалық колледжінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарып келеді. Жоғары санатты, Маңғыстау энергетикалық колледжіндегі «Ұлағат» оқытушылардың шығармашылық тобының мүшесі. Білім беру жүйесінде жас ұрпақты тәрбиелеу оларға кәсіптік білім беру міндетті деңгей талаптарын шешуде колледждің түрлі бағыттағы жұмыстарына белсене араласады. Оқушының бойына ұшқыр ой , шығармашылық дарын, жаңа идеялар туындату, шәкірт бойындағы талант көзін ашу- өз пәнін терең меңгерген, үнемі ізденісте жүретін оқытушы үшін дағдылы іс. Оның дәлелі: 2009 жылы өткен облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда шәкірті Жанашев Даурен «Іс қағаздарындағы термин сөздер» тақырыбында баяндама жасаса, 2010 жыл «Абай оқулары» байқауынан II орын, 2012 жылы пәндік олимпиададан Н.Насруллаева II орын, 2012 жылы «Сапалы білім» атты қалалық пікірсайыста Қаржы -33 тобының оқушысы М.Лепесбаева «Үздік спикер» номинациясымен марапатталды. 2012-2014 оқу жылдарында облыстық О.Бөкей атындағы жас әдебиетшілер сайысында, облыстық жас ақындар сайысында ХТП-34 Мырзакулова Г.Ә жүлделі орындарға ие болды.

Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, сөйлеу шеберліктерін, өз бетімен ойлау дағдыларын дамытуға күш салатын Садвокасова Алтыншаш Кабылдиновна Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып өткізілген жас ақындар мүшайрасына шәкіртттерін қатыстырып, «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның 70 жасқа толу мерейтойына орай жоғары курс оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізді.

Садвокасова Алтыншаш Кабылдиновна тәлімгер ретінде де колледжішілік өткен «Үздік тәлімгер мен ізденгіш жас маман» байқауына қатысып, жас мамандардың кәсіби қабілеттіліктерін дамытуға ықпал етіп жүрген жетекші оқытушы екендігін көрсетіп жүлделі II орынға ие болды.2009 жылы Маңғыстау облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтында «Іс-қағаздарының негіздері» атты тақырыпта дәріс оқыды.2010 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған «Өзін-өзі тану бағдарламасы» Маңғыстау облыстық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты жанынан бекісе, орыс топтарына арналып құрастырылған «Мазмұндамалар жинағы» облыс көлеміне таратылды.

Садвокасова Алтыншаш Кабылдиновна - шәкірттеріне өмірдің сан алуан мәселелерін ұғындырып, ата-аналармен ынтымақтаса бала тәрбиесі бағытында түрлі жұмыстар жүргізіп жүрген оқытушы. 2011 ж «Білім алушылардың шығармашылығы» атты макеттер байқауынан тобы III орын алса, «Қазақстанның 20 жылдағы өсу мен даму жолы» тақырыбындағы фотокөрме конкурсынан I орынға иеленді.

Раушан Тасбулатова

Маңғыстау Энергетикалық Колледжі

Негізі мамандық 21.09.2016 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы