АҚШ сайлауы

Тойдың болғанынан болатыны қызық !

АҚШ сайлауы
Бұл елдің сайлауы жалғыз АҚШ-қа емес, бүкіл әлемге қызық. Бүкіл әлем ресми түрде болмаса да, аңдып отырғаны сөзсіз. Әсіресе Ресей. Өйткені келесі ақ үй қожайынның ойын ережесі қандай болмақ? Ресейдің ауыздығын алып, жаңа саясат құра ма? Болмаса Б.Обаманың «АҚШ әлемге жауап береді» саясатын жүргізе ме? Әрине Ресей Клинтон! Клинтон! –деп тұр . Хош саясат қой. Тісім батпайды...
Сайлауға әлі бірнеше ай бар болса да, президенттік таққа таласу барған сайын қыза түсті. Алдын ала сайлау қорытындысынан- « бәрі ендігі түсінікті. Келесі президент кім болатыны анықталды» десеңіз қателесесіз. Бұл елде ресми сайлауда барлығы керісінше құбылуы ғажап емес. Сондай-ақ сайлау жүйесі мүлдем басқа.

АҚШ-та 44 Президент ауысса да ешқайсысы біздегі сайлаудағы-дай 97,5% дауыс жинамапты...

АҚШ-тың сайлауы осы жылдың 8-ші қарашасында өтеді. Қазір екі мықты анықталды. Бірі мұнаралардың қожайыны, миллиардер –Дональд Трамп.

Ал, демократиялық партия атынан ресми түрде алғашқы әйел кандидат- Хиллари Клинтон.

Менің ойымша:

АҚШ-тың бірінші ханымы Хиллари Клинтон 44-ші ақ үй қожайыны болуы әбден мүмкін. Өйткені мемлекеттік істерді жетік білетін, 20 жылдан аса саясаттың тілін білетін мықты саясаткер. Уақыт өткен сайын, сайлау жақындай келе Республикандықтар да Клинтонды қолдай бастады. Ал, кейбір білікті саясаткерлердің айтуынша: «Трамп саясатта болмаған. Сондай-ақ, дөрекі мінезінен, қырсықтығынан қорқады. Атом коды мен жалғыз АҚШ-тың емес, бүкіл әлем тізгінін Трампқа беру қауіпті» дейді. Бұл енді саясаткердің сөзі. Әлем тізгіні деген артық болар. Бірақ АҚШ-АҚШ қой...

Сіз кім болады деп ойлайсыз?
1) Демократтар атынынан шығып, 20 жыл саясатта жүрген Хиллари Клинтон. Бұрынғы бірінші ханым енді мемлекеттің бірінші адамы болуы әбден мүмкін.

2) Біздің президенттен 6 жыл кеш туылған. "Миллиардер боламын" - деп. Жеті рет құлап, сегіз рет тұрған Трамп! Ғимараттардың қожайыны, мінезі қатал, қайтпас-қайсар ата , республикандықтар үкілеген Дональд Трамп

Қызықты деректер :

АҚШ-тың 42-ші Президенті Билл Клинтон - Хиллари Клинтонның күйеуі. Егер де Клинтон президент болса, АҚШ-тың тұңғыш әйел президенті болады. Сондай-ақ ерлі-зайыпты Клинтондар президент болады. 42+45=Клинтондар дейсің ғой)) Осымен бітті. Ұйқы келіп кетті...

Қасеке Нұрсұлтан. фейзбук парақшамдағы әңгімелер
Өз ойым 26.09.2016 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы