Менің ойым

*Бір кітапты оқи берсең, әр оқығанда жаңа қырларын табасың. Ал, егер де бір киноны 20 рет көрсең қателіктерін табасың. Кейбір мән-мағынасы жоғары, қасиетті сөзді керексіз жерде жиі қолданса, ғажабы кетеді.

*Мұнай қазақ экономикасын көтермейтін, әрі төмендетпейтін шикізат. Басқаша айтқында тамақ іштің қарның тоқ та емес, аш та емес. Бірақ энергия бар...

*Абай-қазақтың менталитетін түсінген жалғыз қазақ. Әлемнің кез-келген философтарының асыл сөзі (цитаты) Абайда бар. Бәстесесіз ба?

*Үйіңізде бейне-бақылау бар дейікші. Ертесі жазбасын көрдіңіз. Сіздің ұялы телефоннан бас алмай, тәуелділігіңізді көріп өз-өзіңнен жеркенесің. Күлкің де жылағың да келеді. Сен сондай бейшарасың...

*Қазақтың ұлы, Ресейдің азаматы Тимур Бекмамбетов орыс кино индустриясының арбасын сүйреп жүрген қазақ жақын ба? Әлде Қазақстанда жұмысын істеп, салығын төлеп, балаларын қазақ мектебіне берген (орыс) Қазақстандық жақын ба? Маған екіншісі...

*Кризисті - Европалықтар өзгеріс деп түсінеді. Ал біз құлдырау деп түсінеміз...
Қателікті де дәл солай қабылдаймыз. Есі дұрыс адам бір жерден шалыс басып, құлап жатса келесі жолы сол жерді аттап өтеді. Яғни, қателік жасаған дұрыс!

*Европа , Жапония елдері кезінде қиындық көрмегенде, білім мен ғылымды қолға алмағанда теxнология заманы бірнеше жылға артта қалып қалар еді.

*Кейде ойлайсың. Осы елдің қателіктерін,істелмеген, атқарылмағын шаруалары біздің маңдай терімізді аңсап тұрғандай...

*Кезінде әкем "СУ САТЫЛАДЫ" дегенге күліпті.
Кеше мен "АУА САТЫЛАДЫ" дегенге күлдім.

*Ата-әжеміз - меркантилизм де,
Әке-шешеіміз-коммунизм (бодандықта)
Біз капитализм ( Тәуелсіздік) заманында тәрбиелендік. Қиын иә?! Бір қоғамда үш заманның адамдары өмір сүріп жатыр. Идеологиялық соғыс... Түбі жастардың (капитализм) идеологиясы жеңетіні анық.Байқап көргейсіз. Уақыт төреші

*Біз: “Қытайлар бұзауды тірідей өртепті. Я болмаса, тауықтың аяғын тірідей сындырып, қинайды екен. Адамгершілік деген атымен жоқ”- дейміз. Ал Еуропалықтар : “ қазақтар ешкінің басын кесіп алып, әлгі малды аттың үстінде тартқылап ойнайды екен (көкпар). Сондай-ақ, жас балалары кіші атты (есекті) қинап өлтіріп, терісін сатып, ақша жасайды” -деп айтады. Бұл енді еуропалықтардың пікірі. Ал Арабтар жағы: “ Еуропалықтар, АҚШ біржынысты некеге рұқсат беріп, гей-парадтар өткізеді”- дейді. Айналып келгенде ешкім жетісіп тұрған жоқ.

*Ақыл айтқыштар тым қаптап кетті. Өзі ештеңеге жетпесе де, “осылай істе”- деп, данышпансып, нұсқап қояды. ішімнен қол сілтедім.
Кейбір адамдардың жаман мінезін, құйтұрқы әрекетін, әдепсіз істерін көріп, өзің сондай болудан жеркенесің. Басқаша айтқанда «Лас киінген адамды көріп, балағымның шаңын қақтым». Иә, шынымен өмір- ең мықты ұстаз. Мас адам: “арақ ішпе” десе жараспас енді.

*Жақсы мінезді кірпіштей қалап алғым келеді. Тырысамын.Кейде эмоцияға беріліп, жоғалтқан ұнамсыз мінезімді қайта іздеп тауып алатыныма өкінемін. Әдетті түзететін әрі қалыптастыратын-дициплина. Тәртіп.

*Егер қазақтар жалқау болса, осыншама кең-байтақ жерді қалай бізге аманаттады?!
Қазақ-жалқау. Бір ұнамсыз істерді көріп қалсақ: «Бұл Қазақстан ғой!»-деп, жағымсыз қылып сынаймыз. Қазақ десе өзіңе тиеді; Әрқашан кешігіп жүреміз-біз қазақпыз ғой!; Оралман (қандастарымызды) екінші сорт ретінде бағалап, «сен кезінде қашып кеткенсің» деп, кеудеден итеру; қазақтың жауы- қазақ; Сонымен қатар белшесінен батқан жемқорлық, жалтақтау, жағымсыну. Мұндай менталитет қазақтың әлімсақтан келе жатқан әдеттері емес, жүре келе пайда болған пост-кеңестік сана. Бұндай менталитеттің емі- ұлттық идеология. Екінші емі- уақыт.

*Әр заманның өз қиыншылығы мен батырлығы болады. Мен үшін таңғы сағат 5-6 да тұру тіпті батырлықпен пара-пар...

*Мәдениеттің үшінші түрі- ішкі мәдениет. Кешкі салқында саябаққа (парк) шығып, ұялы телефоннан бас алмау өз-өзіңді алдағанмен тең...

* Мәшінені жалтыратып жуған соң, жақсы жүреді деп ойлайсың. Мотивация. Мотивация істеймін мен істедімнің арасындағы сезім индикаторы.

«Кітапты көп оқыған оқырманнан қарағанда, кітап оқымайтын адамдар қауіпті.» Бұл көп кітап оқыған, ой- түйсігі қаланған оқырманның сөзі. Тірі болса жасы -168 келер ма еді. Ал, әлеуметтік желідегі қоғам белсендісімін деген блоггерлер ше?

*Біз (мен) кейде ойша данышпансып алып, «бұлай жасамау керек. Бұл әділетсіздік» деп, осындай бір позицияны өзіміз үшін нүктелеп алып, іске келгенде ойын ережесін бұзғанымызды аңғармай қаламыз. Кеше МАИ қызыметкеріне 5 000 тг беріп алып, ертең билікті сен жемқорсың деп қауып алу тіпті оңай. Чарльз Чаплинше айтсақ «Өмір - жақыннан қарасаң, трагедия, бірақ, алыстан қарасаң, комедия».

*Кейде айнаға жиі қарап тұру керек. Жоқ. Бұл жолы басқа жағынан...

*Кейбір фотоаппарат түсірген әдемілікті біз аңғармаймыз да, тіпті мән бермейміз.

Қасеке Нұрсұлтан
Өз ойым 26.09.2016 жариялады
116,035 сұрақ
294,369 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы