Ғашықтық не істетпейді

Ғашықтық не істетпейді?!

...Осыдан бірнеше жыл бұрын, нақтырақ айтсам 10-шы сыныптың бұзақы оқушысымын. Шамасы 2 000-ға жуық оқушыны құшағына басқан алтын ұяда менде оқыдым. Мектебім аудандағы ең үлкен әрі ең мықтысы. Сол мектептің ең әдемі бір қыз болатұғын.Енді елестете бергейсіз. Қыздар мерекесінде жігіттерден алатын сыйлығы ұлан-теңіз... Мінезі де керемет. Басқаша, қысқаша айтқанда, сол бойжеткен мектептегі қыздардың қызғанышы, жігіттердің арманы. Менің де.
Мектеп айналасындағы сенбілік жұмыстан кейін, ылғи жігіттермен футбол ойнайтынбыз. Шындап келсек жұмыс істеу емес, арғы ойымызда ойын үшін сайланып келгеніміз байқалып тұратын. Үйден алып келген сыпыртқы, тырма, күрек сынды құрал-саймандарымызды бір-бірімен айқастырып жинап қойып, шаңын бұрқыратып тұрып футбол ойнайтынбыз. Келесі сенбілік жұмыс күні тәуекел етіп, өзімше ана қызға сөз салам деген ой келді.Жолдастарымды көмекке дайындатып қойдым. Жоспарым ендігі керемет. Менің алдымда 34 жігіттің бетін қайтарған деседі. Қорқыныш та бар. Менде "жоқ" деген жауапқа өз-өзімді баяғыда-ақ дайындап қойғанмын, сонда да балалық пофигизм мен ғашықтық сезімі ұрып тұрған шақ...
Сонымен не керек жоспар ойлағаннан керемет болды. Сөз салдым.Айттым. Ал ол болса қыздық болмысын білдіріп, сызыла сөйлеп: "жауабын ертең айтам"-деп, майыса күлді. Ал ендігі ертеңім бір жылға ұқсап кетті... Бір күн тегі өтпей кетті. Келесі күні 3-ші сабақ қателеспесем, математика болып жатты. Сол сәтте есікті тоқылдата, мені ұстаздан өтініп кешегі қыз сұрап тұр. Өмір қызармайтын бетім сол сәтте алдап кетті. Жүрегім кеудеме сыймай, тарсылдап кетті. Жүгіргенде бұлай соқпайтын жүректе алдап кетті. Дәл сол сәт, сол мезетте бүртүрлі құбылып, өз-өзімнен қорқатындаймын. Сыныптастарда бәрінен хабардар, маған тілеулес екенін айтпаса да түрі көрсетіп тұрғандай. Есік сыртында бойжеткен құрбысымен тұр екен. Амандасып алып, бірден бастағым келмей, айтарға әңгіме таппай, екі көзім жан-жаққа ойнап кетті. Қобалжу, дірілдеу деген сезімдер тағы бар. Сонымен не керек, жауабы: "ИӘ". Мәзбін. Бәрі , айналам тым-тырыс болып қолды. Ол менің қызым! Мақтаныш! Қуаныш! Екі көзім сол қыздың бет-әлпетін суреттеп алғандай, ешкімді көргісі келмейтіндей. Ұйқы жоқ... Мен өзгердім.Жоқ.Мені өзгертті. Сол сәттен бастап шалбарымның қырын үтіктеуді үйрендім. Ақ көйлегімнің жағасы ендігәрі тап-таза. Әкемнің әтірін тығыла, ұрлай сеуіп жүретін болдым. Сабағым, белсенділігім бірден арта түсті. Ұялшақ, көп сөйлемейтін, ақкөңіл мінез қалыптаса бастады. Ол баскетболшыларды ұнататын. Келесі сыныпта мен тіпті мектеп құрамасының капитаны болдым...Қысқасы, МЕН ҒАШЫҚПЫН !
Ғашықтық не істетпейді?!

Қасеке Нұрсұлтан. блогер. Фейзбук
Өз ойым 26.09.2016 жариялады
116,035 сұрақ
294,369 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы