Солтүстік Корея

Солтүстік Корея

"Біздің ел әлемдегі ең дамыған, әрі жердегі жұмақ"- дейді ел көсемі. Ал шетелді бір рет көрген, яки елден қашып кеткен Корей азаматы: "Біздің ел жердегі тозақ"-дейді. Сондағы Диктатор көсемнің идеологиясы мынадай:

-Балалардың тілі шығы салысымен "Біздің көсем жасасын! біздің көсемнің күні сөнбесін"- деп, ән жаттатқызып, күнделікті мектепте хормен айтқызады. Сондай-ақ, "әлемде біз ғана даму жолындамыз"-деп, жалған ұранмен әрдайым рухтандырып отырады екен.

-"Оңтүстік Кореяны басты жауымыз, қарсыласымыз"- деп, қарастырады. Тіпті С.Кореяның мемлекеттік карталарында О.Корея атымен жоқ.

Қазіргі заманда "жабық есік" саясатын ұстанатын екі елдің бірі- Солтүстік Корея. Республиканың мәңгі президенті, С.Кореяның мәңгі ұлы жетекшісі-Ким Чен Ир. Ол кісі қайтыс болып кетсе, де мәңгі президент болып қала береді. Қазір ел билігінде
— КХДР Жоғарғы жетекшісі Ким Чен Ын билеп отыр. Ол өзінің қаталдығымен танымал, ең жас ел билеуші (президент). Осыдан 2 жыл бұрын атысына (Чан Сон Тхэк) "АҚШ-тың тыңшысы" деп, тергеу жасаған. Өте қатал, суық жүзді Ким Чен Ын 2014 жылы, 67 жастағы өз атасын немерелерімен қоса ату жазасына бұйырған. Ату жазасынан тек қыздар босатылды...Иә, монархиялық-диктатура.Осыдан бірнеше жыл бұрын, Әскери парадта қалғып кеткен генералды да ату жазасына бұйырды. Ал, 2013 жылы "Бибиля" мен "порно сайтқа" кірген үшін 80-ге жуық адам, 10 000 адамның көзінше ату жазасына бұйырды.
Осылай кете береді, кете береді.

Бұл ел әрқашанда әскерді бірінші орынға қояды. Көлік айдау құқығы тек әскери адам мен шенеуліктерге ғана беріледі.Басқалары қоғамдық көлікке жүгінеді немесе екі аяқты қинайды... Ең жоғарғы жалақыны да әскери адам алады. Әрбір азаматша әскери адамға тұрмысқа шығуды тіпті армандайды.
Әскери ел дедік қой. Корея өз ядролық қаруын сынап көргісі келіп жүргені кейбір елдердің жүйкесін тоздырып,қорқыныш, алаңдау сезімдері соңғы кездері БАҚ анық байқалып жүр. АҚШ бұ елді қауіпті елдер қатарында бірінші орынға шығарғалы қаша?!
Қысқа -нұсқа факт:

-Солтүстік Коряда Қазір 2016 жыл емес, 105 жыл.

-Әлемдегі ең үлкен спорттық арена осы елде. Сыйымдылығы- 150 000 адамға арналған.

-Ғаламтор жоқ десе де болады. Бар бірақ, тек мемлекет бекіткен 3-4 сайтты ғана аша алады.

-АҚШ су кеме лайнерін қолды қылған жалғыз ел- С.Корея

-Азаматтары тек 12-түрлі шаш үлгісін таңдай алады

-Әр 5 жыл сайын сайлау болады. Бір қызығы кандидат біреу ғана...
Елді мекендер 26.09.2016 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы