КІТАП ОҚУ ХАҚҚЫНДА!

Қазақстан кітап қоры жөнінен әлемде 41-орында екен. Еліміздегі әрбір мың тұрғынға 249 кітаптан келеді. Ал сол кітаптарды оқу жағынан статистикаға сүйенсек, соңғы он бес жылда17 миллион халқымыздың 17 пайызы ғана кітапқа қызығушылық танытқан.

Қазақстанның он алты қаласынан 2307 адам қатысқан сауалнама барысында әр төртінші қазақстандықтың кітап оқымайтыны анықталды (сауалнаманы қоғамдық-саяси институт жүргізген).Және бір анықталғаны, қазақстандықтардың көбісі детектив жанрындағы кітаптарды (сауалнамаға жауап бергендердің 16,6 пайызы) оқиды екен. Одан кейінгі қатарда тарихи (11,5 пайыз), махаббат (әйелдерге қатысты) жайлы (10,6 пайыз) кітаптар. Сосын Қазақстанның көп бөлігінде хобби жайлы, іскерлік жайлы әдебиеттермен (7,4 пайыз) қатар қазақ классикасы (7,3 пайыз) үлкен сұранысқа ие. Ал әлемдік әдебиет пен биографиялар аз қызықтыратын болып шықты.
Ең аз көрсеткішті орыс әдебиеті (3,4 пайыз), балалар әдебиеті (3,7 пайыз), поэзия (3 пайыз), фантастика (4,1 пайыз) жинады.

Еуропа мектептеріндегі ең басты тәрбие - баланы кітапқа құнықтыру болып тұр. Кітапхана - халықтың ең сүйікті, қасиетті, қастерлі үйіне айналған.Ал Америкалықтар ірі мейрамханалар мен сауда орталықтары өздеріне тұтынушыларды қызықтыру мақсатында өз нысандарының ішінен кітапханалар ашуды әдетке айналдырған.Кітапты көп оқудан үнділер мен қытайлар, таиландтықтар, филиппиндер мен египеттіктер және чехтар да дес бермей тұр. дүние жүзі бойынша кітапты көп оқитын ел Жапония екен. Күншығыс елінде бір жылда 25 мыңнан астам кітап саудаға түседі. Әрбір жапондыққа 11 кітаптан келеді. Ал Қазақстан жайлы Ұлттық кітапхананың алдындағы электронды жүгіртпе жолақтағы жазуға бұрсақ былай дейді:" Қазақстан xалқы 17.5 миллионға шамалас. Елімізде 4 млн қазақ отбасы бар. Бірақ жылына сатылатын қазақ тіліндегі кітаптар саны 4 мыңға да жетпейді. Ойланыңыз, ағайын!"

Түйін: «Адам кітап оқуды қойса, ойлауды қояды»,-депті Д.Дидро.
Ал ойлауды қойсақ адам болуды қойғанымыз, сол үшін кітап оқыйық ағайын, кітап оқуға ынталандыру шараларын көптеп ұйымдастырайық, елімізде атқарылып жатқан кітап оқуға ынталандыру ұйымдары жайында келесі пост...
#intellectPRO005
#kitap_life
#maulenjanbolat
Қызықты деректер 17.08.2016 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы