Бетке арналған Кэрол Мадджио ұсынған гимнастика

Косметолог Кэрол Мадджио беттегі және мойындағы 57 бұлшықетті тарттыратын гимнастика ойлап тапқан. Ол — пластикалық хирургияға керемет балама. Ол ұсынған жаттығуларды жасауға көп уақыт қажет емес, таңертең және кешке 15 минут жеткілікті. Жақсы нәтижеге жетудің жалғыз шарты — барлық нұсқамаларды толық орындау.

Жаттығуды бастамас бұрын төмендегі кеңестерді орындау қажет:

– Жаттығуды отырып жасаңыз. Бұлшықеттеріңіздің қалай жұмыс істейтінін көріп отыру үшін алдыңызға айна қойған дұрыс. Гимнастика әдетке айналған соң жаттығуды айнасыз да жасай беруге болады.

– Барлығын дұрыс істеп жатқаныңызға көз жеткізудің бір белгісі — бетіңіздің қызуы.

– Жаттығуды үзбеңіз, барлық жаттығуды соңына дейін ретімен орындау қажет. Сондықтан ұялы телефоныңызды сөндіріп тастаңыз.

– Әр жаттығудан соң ерніңізбен ауа үрлеу арқылы бұлшықеттерді босаңсыту керек.

– Кэрол Мадджионың гимнастикасындағы «бастапқы күйге» денеңізді қатайтып отыру қалпы жатады. Жаттығулар арасында денеңізді босаңсытып, содан соң қайтадан қатайтып, келесі жаттығуға көшесіз.

1-жаттығу: Көз астындағы ісікті кетіру

Бастапқы күйге еніңіз. Ортаңғы саусақтарыңызды кеңсірік үстіндегі қастың ортасына қойыңыз. Сұқ саусақтарыңызды көздің сыртқы қырына қойыңыз. Жоғары қараңыз. Көзіңізді сығырайтуға тырысыңыз, алайда сол уақытта саусақтарыңызбен бұлшықеттеріңізге кедергі келтіруге тырысыңыз. Бұлшықеттерді ширатуды жалғастырып, 30-ға дейін санаңыз. Содан соң босатып, осы жаттығуды 10 рет қайталаңыз.

2-жаттығу. Қабақтың іскенін кетіру

Бастапқы күйге еніңіз. Саусақтарыңызды бірінші жаттығудағы секілді қойыңыз. Бұл жаттығуда көзіңізді сығырайтпайсыз, керісінше қатты ашасыз.

3-жаттығу. Қасты көтеру

Бастапқы күйге еніңіз. Сұқ саусақтарыңызды қасыңызға параллель түрде маңдайыңызға қойыңыз. Қасыңызды бар күшіңізбен жоғары көтеріп, ал саусақтарыңызбен оған барынша кедергі жасаңыз. Максимум кернеуге жеткен кезде 30 секундқа тоқтап, содан соң босаңсытыңыз. Осы жаттығуды 10 рет қайталаңыз.

Басы 4-жаттығу. Бет терісін созылмалы ету Бастапқы күйге еніңіз. Аузыңызды «О» деп айтқандай ашыңыз. Төменгі жағыңызды ақырын төменге түсіріңіз. Сұқ саусақтарыңызбен бетіңіздің шығыңқы жерін басыңыз. Аузыңызды жаппай, күлуге тырысып, бұлшықеттеріңізді қатайтыңыз. «Күлкіңізді» 30 секундтай ұстап, содан соң жіберіңіз. Осы жаттығуды 10 рет қайталаңыз.

5-жаттығу. Бет сүйегін анық ету Бастапқы күйге еніңіз. Ерніңізді «И» әріпін айтқандай созыңыз. Ортаңғы саусақтарыңызбен бетіңіздің шығыңқы жерін басып, «И» әрпінен «У» әрпіне көшіңіз. Ерніңізді барынша алдыға шығарып, 10 секунд ұстаңыз. 10 рет қайталаңыз.

6-жаттығу. Мұрынды жинақы ету Жас ұлғайған сайын мұрын жинақы пішінін кетіре бастайды. Бұл жағдай орын алмас үшін сұқ саусағыңызбен мұрын ұшын максимум жоғары көтеріп, жоғарғы ерніңізбен оны керісінше төмен тартуға тырысыңыз. Максимум кернеу кезінде 10 секунд ұстап, содан соң жіберіңіз. Осы жаттығуды 10 рет қайталаңыз.

7-жаттығу. Ерін бұрыштарын көтеру Бастапқы күйге еніңіз. Тісіңізді бір-біріне тигізбей, ерніңізді қысыңыз. Сұқ саусақтарыңызбен ерін бұрыштарын жоғары көтеруге тырысыңыз. Осы жаттығуды 10 рет қайталаңыз.

8-жаттығу. Ерін пішінін анық ету Бастапқы күйге еніңіз. «Үйрек» ерін жасап, 10 секунд тұрыңыз. Содан соң барынша кең күлкі жасаңыз. Бұл қалыпта да 10 секунд тұрыңыз. 10 рет қайталаңыз.

9-жаттығу. Мұрын мен ерін әжімдерін кетіру Бастапқы күйге еніңіз. Аузыңызды «О» деп айтқандай ашыңыз. Сұқ саусақтарыңызбен мұрын ұшының жанынан бастап самайға қарай жылжыңыз. Аузыңызды ашық күйінде сақтап, саусақтарыңызбен мұрыннан самайға қарай 10 рет жылжытыңыз.

10-жаттығу. Мойынды бекіту Бұл жаттығуды жатып жасаған жөн. Мойныңызды алақаныңызбен ұстаңыз. Басыңызды еденнен 1 сантиметрге көтеріп, сол қалыпта 30 секунд тұрыңыз. Содан соң қайтадан басыңызды түсіріңіз. Осы жаттығуды 30 рет қайталаңыз.

11-жаттығу. Бет пішінін анық ету Бастапқы күйге еніңіз. Ерніңізді ашпай, астыңғы жағыңызды барынша алдыға созыңыз. Максимум нүктеге келгенде 10 секунд ұстаңыз. Осы жаттығуды 10 рет қайталаңыз.

12-жаттығу. Жалпы тонус Бастапқы күйге еніңіз. Сұқ саусақтарыңызды ерін бұрыштарына қойып, айналмалы қозғалыспен жаққа қарай көтеріңіз. Содан соң самайға қарай барып, бет пішіні бойынша жүріп, иекке келіңіз. 10 рет қайталаңыз.
Пайдалы кеңестер 18.07.2016 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы