Компьютер жылдамдығын арттырудың бес жолы

█ Бірінші жолы

Компьютер жылдамдығын арттырудың ең тиімді әдісі ол антивирус арқылы компьютерді тексеру. Әлбетте сіздің антивирусыныз тексеруге кіріспестен бұрын жаңартылған болуы керек. Себебі соңғы шыққан вирустарды жою үшін соңғы шыққан жаңартуларды қоңдыру керек. Компьютер бос кезде тексеруге кеңес береміз. Себебі тексеру кезінде әдетте компьютер жәй жұмыс жасайды. Соңдай-ақ антивирустың қасына қосымша кесір тигізетін программаларға қарсы бағдарлама орнатуға кеңес береміз. Олардың бірі және атақты программа ол Malwarebytes Anti - Malware

█ Екінші жолы

Автозагрузка бөлімінен көп қолданылмайтын программаларды алып тастау.

Көптеген программалар қоңдырылған кезде өзімен бірге компьютер іске қосылғанда қосылатын кеңеймелерін қоңдырады. Әдетте олар бағдарламаларға тез байланыс жасау үшін ойластырылған. Суретті қараңыз ↓

Бірақ олардың көптеп орындауға жіберілуі оперативті жадыдан орын алады. Соңдықтан көп қолданатын 3-4 программаны автозагрузкаға қалдырғаныныз жөн. Автозагрузка терезесін ашу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

● Пуск → Іздеу жолы
● Іздеу жолына  "msconfig" деп жазып, орындауға жібересіз.

Терезе ашылғаннан кейін "автозагрука" қалыбына барып, көп орын алады-ау деген программадан қарғашаны (птичка) алып тастайсыз.

Ескерте кететін бір нәрсе барлығын алып тастап жүрменіз. Себебі ОЖ-ге керекті жүйелік процестер бар. Тек қана білетін программаларды алыңыз.

█ Үшінші жолы

Қолданылмайтын программаларды өшіру

ОЖ қоңдырылған кезде онымен бірге басқада программалар қоңдырылады. Ол программаларды сіз іске қоспағанынызбен олар бәрі бір көрінбей жүйе процесінде жұмыс жасауы мүмкін. Программаны өшіру үшін келесі әрекеттерді орындауыныз керек:

● Пуск → Панель управления → Удаление программы

█ Төртінші жолы

Қосымша оперативті жады қоңдырыңыз

Windows 7 ОЖ-і кем дегенде оперативті жады көлемінің 1 GB-таң кем болмауын талап етеді.

Windows 7 ОЖ-і 2 GB немесе одан жоғары көлемдегі жадылармен жақсы жұмыс жасайды. Егер сіз 32 разрядты ОЖ қолдансаңыз онда тек 4 GB аспайтын жады қолданылады. Ал 8 GB оперативті жады қолданатын болсаңыз,онда барлық жадыны пайдалану үшін 64 разрядты ОЖ қолдану керек. Ал, Ноутбуктар оперативті жадының бірнеше түрін қолданады. Соңдықтан оперативті жады алар кезде оперативті жадының сәйкес типтегі түрін алуыныз керек. Төмендегі суреттегідей

Қосымша жады қосылғаннан кейін Windows ОЖ-ін қайтадан қоңдыру керек. Яғни, жүйе дұрыс жұмыс жасау үшін.


█ Бесінші жолы

Қатқыл дискке дефрагментация жасау

Дефрагментация дегеніміз не? Фрагментация сөзінің антонимі. Фрагментация сөзіндегі фрагмент түбірі кесіліп алынған немесе бір нәрсенің бөлшегін білдіреді. Компьютерімізге бір файлды жазып кейін уақыт өте келе ол файлды өшіріп тастасақ және қайтадан файл жазатын болсақ егер жазып жатқан файлымыздың көлемі үлкен болатын болса, сиғанынша бұрынғы өшірілген файлдың орнына түседі. Симағаны басқа бос тұрған орынға түседі. Міне, біздің жаңадан жазған файлымыз фрагментацияға ұшырады.

Әлбетте бұл файлды оқу кезінде компьютер көп уақыт жоғалтады.

Ал, дефрагментация болса сол фрагментке ұшыраған файлдарды бір жерге жинап, компьютерге файлдарды тез оқуға мүмкіндік береді. Осылайша, бұрын көп тұратын компьютеріңіз еңді жылдамрақ жұмыс жасайтын болады.

Дефрагментация жасау үшін келесі амалдарды орындау керек:

● Компьютер  → Локальный диск (C:) немесе (D:) (екеуінің біреуін таңдап) диск "свойства" - на басып, сервис қалыбына (вкладка) барыңыз.
Сол қалыбтағы екінші тұрған "Выполнить дефрагментацию" батырмасын басыңыз.
● "Дефрагментация диска" терезесіне кіреді. Екі дискінің біреуін таңдап, "Дефрагментация диска" батырмасын басыңыз.

 

Интернет қолданушы үшін 14.06.2016 жариялады
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы