Компьютердің қызуының белгілері

Қадаға (Датчик) көрсеткіштері.

Компьютердің әрбір құрылғысы үшін өзінің белгілі температурасы бар. 70 градусқа дейінгі температура қалыпты болып саналады, қатқыл дискті қоспағанда. Қатқыл дисктің температурасын 50 градусқа жеткізбегенініз жөн. Қатқыл дисктің қызуы қауіпті, себебі дискте сақталған файлдарыныздан айырып қалуыңыз мүмкін. Қатқыл дискпен белсенді жұмыс жасаған кезде (үлкен көлемдегі файлдарды көшіру немесе интернеттен үлкен көлемдегі файлдарды жүктеу) қатқыл диск қалыпты жағдайдан тыс қызуы мүмкін. Қадаға (датчик) көрсеткіштерін компьютердің өзіндік қадағасы (датчик) арқылы тексеруге болады. Қадағаның бар немесе жоқтығын қалай тексеруге болады? Немесе арнайы AIDAбағдарламасы арқылы тексеруге болады.
 

Баяу жұмыс жасауы.

Егер компьютеріңіз аяқ астынан баяу жұмыс жасай бастаса, онда компьютеріңізге вирус кірді немесе жаңадан операциялық жүйе қоңдыру керек деген сөз емес. Аналық тақша чипсеті мен процессор қызған кезде компьютер өз жұмысын баяулатады. Бірақ процессор автоматты түрде тактілік жиілігін азайтуы салдарынан процессор температурасы да төмендейді және жұмыс жасай беруге болады. Бірақ, компьютер қатып (зависания) жұмыс жасауы мүмкін.
 

BIOS сигналы.

Компьютер қосылып келе жатырғанда әдетте дыбыс береді. Ол дыбыстар ұзын, қысқа болып берілуі мүмкін, бұл сіздің компьютерініздегі қатеге байланысты. Егер аналық тақшаға "спикер" жалғанбаса сіз оны естімейсіз. Негізінен көпшілігінде спикер қоңдырулы болып келеді. Компьютердің жақсы жағдайда екендігін білдіретін сигнал ол бір рет берілетін қысқа сигнал. Егер одан басқа сигнал шығатын болса компьютеріңізді, шыққан сигналға сәйкес тексеруіңіз керек.
 

Компьютер өздігінен сөнеді немесе қайта жүктеледі.

Компьютер шамадан тыс температураға жеткенде, яғни қызғанда өздігінен сөніп қалады немесе қайтадан жүктеледі. Ол, BIOS-та берілген қалып күйге (настройка) байланысты. Немесе алдымен сигнал береді сосын автоматты түрде сөнеді. Соңдай-ақ қайта жүктелініп бірақ қатып (зависания) жұмыс жасауы мүмкін.
 

Вентиляторлар тез айнала бастады немесе қатты шулай (шумь) бастады.

Кейбір вентиляторлар температураға байланысты қадағалануы мүмкін. Ол BIOS - та берілген мәнге байланысты. Сол себептен қатты қызған уақытта вентилятор тез айналып, шулай бастайды.
 

Экрандағы "Артефакттар" немесе қатып қалу.

Егер видеокарта қызса, экран бетінде "артефакт" пайда болады немесе қатып қалады.

Себептері және компьютердің қызуын жою амалдары.

 

Әлсіз салқындату жүйесі

Әрбір процессор үшін өзіне сай салқындату жүйесі керек. Жәй процессорлар үшін кішігірім радиаторлар келе береді, ал мықты процессорлар үшін радиаторы үлкен процессорлар орнатылуы қажет. Егер вентилятор жәй жұмыс жасайтын болса, онда оны бірден жаңасына ауыстырған жөн. Себебі жөндеп салғанменен ол көпке бармайды. 

Ойластырылмаған вентилятор корпусы.

Егер салқындату жүйесі дұрыс жұмыс жасап тұрса, бірақ сонда да компьютер қызатын болса, онда вентилятор корпусына мән беріңіз. Ауаның жолында шлейфтер болмауы керек, ауа еркін қозғалыста болу керек. Корпуста екі вентилятор болуы керек, яғни біріншісі ауаны сорса, екіншісі ауаны сыртқа шығарады. Осылайша жақсы ауа ағысы пайда болады. Вентилятор көп болған сайын шуылда азая бастайды. Қатқыл дискке де вентилятор қоңдыруға болады, өзінде бекітілетін жері бар немесе вентилятордың астына салуға болады.
 

Шаннан толып қалу.

Кем дегенде жүйелік блокты жылына бір рет шаннан тазартып отыру керек. Шанға толып қалған радиаторлар нашар салқындайды.
 

Радиатордың дұрыс бекітілмеуі.

Радиатор дұрыс бекітілмеген жағдайда сіздің салқындату жүйенізден пайда жоқ. Радиатор процессорге, видеокарта немесе чипке тығыз бекітілуі қажет.

© http://computerlik-komek.blogspot.com/p/blog-page_14.html

Интернет қолданушы үшін 14.06.2016 жариялады
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы