Тағы бір оқырманыңды қарсы ал!

     Қош көрдік, құрметті оқырмандар! Жағдайларыңыз қалай? Басынан бастайын... Бұрын да бұл сайтқа кіріп-шығып жүретінмін. Көптеген сұрақтарыма жауап алып та, жауап беріп те жүрмін. Енді "заңды" түрде тіркеліп, сіздердің қатарларыңызға қосылып отырған жайым бар. Көп сөйлемей, өзім жайлы аз-кем деректермен бөлісейін. "Қай жерде туылдым, жасым қаншада" дегендерді жазбай-ақ қояйын. Соншалықты қызық болып бара жатса, профильімнен қарай салыңыздар.wink 

-Қазіргі кезде, мед. техникумында 2 курс тәмәмдадым. (тәмәмдағанда, Құдай қаласа, бір сабақтан емтиханым қалды)

-Медицина саласына не болса да түспеймін деп жүріп, ата-анамның көндіруіне байланысты осы мамандықты игеріп жатырмыз. Бірақ, білесіздер ме, оқи келе бұл мамандыққа қызығушылығым оянып, ақ халат киіп жүргеніме өкінбестей жағдайға жеттім. Шүкір.)

-Кітап оқығанды жанымдай жақсы көремін. Тек фантастика мен детектив менің жанрым емес, көбіне драма.)

-Ес білгелі кітапханашы боламын деп армандадым. Мүмкін нағашы әжемнің жолына түскім келген болар?! 

-Мені еркелетіп, аймалағанды мүлде ұнатпаймын! "Түу, қойш. Мынауың өтірік енді" деп отырған боларсыздар. Дегенмен, рас. Мүмкін менен бір жылдан кейін інім дүниеге келген соң, "сасып" қалған болармын?!)

-Тез жүріп, тез сөйлегеніммен, іске жәйбасармын. Және кез-келген іске кіріспес бұрын ұзақ ойлану-мен үшін қалыпты жағдай.

-Қиялимын. Мүмкін емес жағдайларды да армандай беремін. Қиял жүйрік қой, шіркін!)

-Түн мезгілі жаныма жақын. Күндізге қарағанда түнде сабақ, кітап оқығанды, ойға шомып жұлдызбен, аймен тілдескенді жақсы көремін.

-Және "Ninety one" ды тыңдаймын! Қазір ең бірінші "қай жақтікісің?" дегеннің орнына жүретін сұрақ қой. 

     Оқып отырып, жарнама болып кеткен ба, қалай деп қоямын:) Ал сіздермен оқып-біліп  таныса жатармыз! Достар, Ораза Мүбәрак болсын! Тілеген дұға-тілектеріңіз орындалсын! Көріскенше, сау болыңыздар!:)

Мен ҚАЗАҚПЫН! 14.06.2016 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы