ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ

Кеш жарық, достар!!!
Мен менеджмент мамандығында білім алып жатқандықтан, болашақта менеджер болып қай жақта жұмысқа орналасамын, менеджменттің қай саласын таңдаймын деген сауалдар өзінен-өзі келетіні айқын. Соған байланысты, бүгіннен бастап, жазған посттарымның арасында басқару мамандығының түрлерін, олардың ерекшеліктері туралы ақпарат салып отырамын. Бірінші түрі - жобалық менеджмент.
Жоба менеджері (проект менеджер, project manager) – жобаның сәтті орындалуына мынадай жағдайда жауап беретін маман:
• Тапсырыс берушінің айтқан мерзімінде;
• Белгілі бір сапада;
• Есептелген бюджет және шектелген адами ресурстар жағдайында;
• Тапсырыс беруші тарапынан болатын белгілі бір талаптар жағдайында.
Жоба менеджерінің басты жұмыс нәтижесі – тапсырыс берушінің жұмыспен қанағаттануы. Жобаны басқару қызметі маманға өте жоғары жауапкершілікті жүктейді, себебі ол жобаның барлық процестерін басқарады, яғни жұмыстың нәтижесі соған байланысты болмақ.
Проект менеджер мамандығы қажет етілетін салалар:
• Ақпараттық технологиялар (программалау, автоматизациялау, сайт құрастыру, т.б.);
• Құрылыс;
• Қаржы;
• Сақтандыру саласы;
• Фармацевтика;
• Шараларды ұйымдастыру;
• Спорт.
Жоба басқарушысының міндеттері төмендегідей:
1. Жобаны жүргізу (сапаға, мерзімге, бюджетке және тәуекелге бақылау жасау);
2. Тапсырыс берушімен коммуникация орнату (жоспарларды, мерзімдерді, міндеттемелерді және бюджетті келісу);
3. Жоба командасын басқару;
4. Жобалық және техникалық құжаттамаларды жүргізе білу;
5. Сату процесіне және келісім жасауға қатысу;
6. Бірнеше тапсырыс берушілерді қатар алып жүру және қосымша сатылымдарды жүргізу.
Қазақстанда жобалық менеджер ақпараттық теxнологиялар саласында басым дамыған. Оны басқа салаларда дамыту үшін менеджменттің негізгі түсініктері, басқару саласындағы басқа да жүйелерді білу маңызды болып табылады.
Негізі мамандық 23.04.2016 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы