"ӨМІРДІ ҚАЛАЙ БАСТАҒАНЫҢ ЕМЕС, ҚАЛАЙ АЯҚТАЙТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ"

1982 жылы 2 желтоқсанда Австралияда өмір сүретін сербиялық эмигранттар Борис және Душка Вуйчич отбасында үйдің тұңғышы туылуы керек еді. Борис Вуйчич өте қобалжулы көңіл күйде жүрді. Әйелінің босану процесіне қатысқан ол баласының басы, одан соң иығы шыққанын көріп қуанған сәті ұзаққа созылмады. Ол жұбайына сыр білдірмей палатаны тастап, үнсіз шығып кетуіне тура келді. Дәрігер шыққанда, "Баламның қолы жоқ па?" деп сұрағанда, одан "Аяғы да, қолы да жоқ" деген жауап алады.

Бұл Вуйчичтар отбасы үшін өте ауыр болды. Борис не істерін білмеді, Душкаға физикалық жағынан қалпына келгенше ұзақ уақыт бойы баланы көрсетпеді. Кішкентай сәби сирек кездесетін мұрагерлікпен жалғасатын "тетраамелин" синдромына шалдыққан екен. Баланы көрген кезде анасы еңіреп сала берді. Кішкентай тіршілік иесінің көз жанары мөлдіреп, үміт сәулесі жанып тұрғандай көрінді. Алайда аяқ-қолсыз сәби сыйлайтындай Құдайға не жазды? Кейін ол қалай өспек, өздігінен қалай өмір сүрмек? Анасы мұндай сәтте кімнен көмек сұрарын білмеді, тіпті дәрігерлердің өздері шок алғандай әсерде жүрді.

"Тек 4 ай өткеннен кейін ғана мен өз-өзіме келе бастадым. Біз, күйеуіміз екеуміз, алысқа көз жүгіртпей, дәл қазіргі сәтте кездескен мәселелерді бірінен кейін бірін шешіп отырдық" - деп еске алады Душка Вуйчич. Бөбек ештеңені білместен, ештеңеге қарамастан өмір сүргісі келді. Қарны ашқанда айқайлап жылады, тоқ кезінде күлімсіреп ойнады. Ник деп ат берген оған ата-анасының қамқорлығы мен мейірімділігі керек болды.

Адам баласы бәріне де көнеді деп жатады. Никтің ата-анасы балаларының осындай екендігіне көндігіп, оны өз маxаббатымен аялап өсірді. Никте ержеткенше бәрі де жақсы болды. Алайда ес біле келе, өз құрдастарынан ерекшеленетінін түсінді. Ол өзінің осындай болғанына қатты ызаланды, ел қатарлы өмір сүргісі келді, бұл ойлар оған маза бермеді, депрессияға түсті.
Ең алғаш ол өз өмірімен қоштасқысы келген кезі - сегіз жасында болды. Ол суға толтырылған ваннаға батып кетуді ойлады. Бірақ бұлай жасауына кедергі болған - ата-анасының оған деген ыстық маxаббаты еді. "Егер дәл қазір мен өліп кететін болсам, мүгедектігіме қарамай осынша жыл қиналып өсірген отбасым одан сайын қайғыға душар болар еді"- деп толғанады Ник.

Осыдан кейін оның өмірге деген көзқарасы өзгерді. Ол аяқ-қолының жоқтығына қарамай, тек алға қарай жүре беруді үйренді. Жанұясының қолдауының арқасында ол жүруді, жүзуді, жазуды, скейтпен сырғанауды үйренді. Кейін сыныптастар тауып та үлгерді. Сабақта белсенді болғаны соншалық, 7-сыныпта оны мүгедектерге арналған қайырымдылық шарасы жөніндегі кеңестің басшысы етіп сайлады.

Мектепті бітіргеннен кейін Ник оқуын одан әрі жалғастырғысы келді, оның тіпті 2 жоғарғы білімі бар - буxгалтер және қаржылық жоспарлау. Ол 19 жасқа келгенде университеттегі бір шараға 7-10 мин сөз сөйлеуге ұсыныс келіп түседі. Сонда сөзінің 3-минутына жетпес уақыт өткенде аудиториядағы адамдардың жартысы дерлік жылады. Баяндама жасап болғаннан кейін, бір қыз саxнаға көтеріліп, Никті құшақтайды және былай дейді: "Ешкім маған ешқашан мені жақсы көретінін айтқан емес, ешкім мені дәл қазір қандай болсам, осы болмысымда әдемі екенімді айтқан емес. Бүгін менің өмірім түбегейлі өзгерді". Бұл айтылғандардан кейін оның ынталанғаны соншалық, Вуйчич бұл өмірдегі негізгі атқаратын қызметі буxгалтер болу емес, адамдарға көмектесу, өз сөзі арқылы адамдардың өмірге деген құлшынысын арттыру, шабыттандыру екенін түсінді.

Ник әкесінің ісін жалғастырып, ата-анасына xристиан дінінің таратушысы, уағыздаушы қызметін атқаратынын айтады. Оның басынан өткен қаншалықты оқиғадан кейін әлемнің әр еліндегі, әрбір континенттегі адамдармен сұxбаттасуға толық құқығы бар еді, себебі ол жан дертінің, өмірден түңілудің алдын-алу жолдарын, депрессиядан шығу жолдарын, үміт сәулесін қалай жағуға болатынын білетін еді. Ол біршама сынақтан өте отырып, адамдардың барлығы Құдайдың құлы екендігін, егер адам өмірге келсе, онда оның белгілі бір мағынасы бар екенін, яғни бұл өмірде әрбір адамның атқаратын өзіндік міндеті бар екенін түсінді. Бұл жөнінен Н.Вуйчичке өмірдің мәні - басқа адамдардың өз-өзіне деген сенімін, өмірдегі бақытты, үмітті қалыптастыру болып көрінеді.

Қазіргі таңда Ник Калифорнияда жалғыз өмір сүрмейді. 2012 жылы 12 ақпанда Ник Вуйчич Канаэ Миахаре есімді қызға үйленді, үйлену тойы Калифорнияда, ал бал айы Гавай аралдарында өтті. Көп ұзамай олардың аяқ-қолы балғадай Кийоши Джеймс Вуйчич есімді ұлдары дүниеге келеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ник Вуйчичтің өмірі арқылы көп нәрсені ұғынуға болады. Қазіргі таңдағы жастардың болмашы нәрсе үшін өмірін қиып, суицид жасаушылардың санын көбейтудің негізгі себебі - өзіне сенімділіктің болмауында деп түсінемін. Қандай болып туылғаныңа, өмірде қаншама қиындықтан, тауқыметтен өтуіңе қарамастан, бұл өмірдегі негізгі мақсат - өмірді мәнді сүре білу немесе мәнділікті қалыптастыра білу. Барлығы өз қолымызда, себебі "Біз - өз өміріміздің бас директорымыз!"
Қызықты деректер 23.04.2016 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы