МОТИВАЦИЯ ТУРАЛЫ

Жетістік - сәтсіздіктің кері жағы.

Қаншалықты ісіңіз кері кетсе де - берілмеңіз!!! (Эдгар А. Гест)

Бұл - мотивациялық сөздер. Қазіргі таңда осындай сөздер жұмысқа кіріскен

кез келген адамға, соның ішінде көбінесе бизнес бастағысы келген және

бастаған тұлғаларға өте қажет. Ал осы мотивация деген сөздің өзі қандай

мағына береді, ол не деген сауалдар төңірегінде ойланып көрдіңіз бе?

Нақтырақ жауапты менеджмент саласында жүрген жандар беруі мүмкін.

Ендеше айта кетейін, мотивация - бұл менеджмент функцияларының бірі. Ол

тікелей аудармасында "жігерлендіру" деген мағына береді. Яғни,

менеджердің жұмыс жасайтын компаниясындағы қызметкерлерді

ынталандырып, жігерлендіруі еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі.

Басқару ғылымында мотивацияға бірнеше көзқарастар қалыптасқан. Соның

ішінде заманауи көзқарас негізгі үш теория әсерінен қалыптасты. Олар:

мазмұндық, процессуалдық және нығайту теориялары. Мазмұндық теория

қажеттіліктерге, процессуалдық теория мінез-құлыққа, ал нығайту теориясы

сыйақыға негізделген. Қызметкерлердің белгілі бір нәрсеге қажеттілігі оның

мінез-құлқының өзгеруіне әкеледі. Ал ол өз кезегінде сыйақы алуға ұмтылыс

тудырады.

Яғни, басты мәселе сыйақыға келіп тірелді. Менеджмент ғылымында

сыйақыны екі түрге бөліп қарастырады: ішкі және сыртқы. Ішкі - өзін-өзі

қадірлеу, мақтаныш, қанағаттанушылық болса, сыртқы сыйақы - сыйлықақы,

мақтау, марапаттау, қызмет бабында көтерілу. Тұлға сыртқы сыйақыға ие

болу үшін ең алдымен, өзін ынталандыру яки ішкі сыйақымен қамтамасыз

етуі керек.

Ол үшін, тұлғаның өзін мотивациялауы үшін GeniusLab компаниясының

негізін қалаушы, интернет-кәсіпкер Олесь Тимофеев мынадай 6 әдісті

ұсынады:

1. Өзіңізге миссия қойыңыз. Бұл жерде миссияны Г.Арxангельскийдің "Тайм-

драйв" кітабындағы мынадай мысалымен түсіндіруге болады: миссия - егер

сіз бұл өмірде жоқ болсаңыз, сіз өмірге не нәрсе беруден құр қаласыз, яғни

сіз өмірге не бере аласыз деген сұрақтар бойынша қарастырылады.

2. Өзіңізді сіздің мақсатыңызбен бірдей адамдармен қоршаңыз. Яғни, сіз өз

салаңыздың көшбасшыларымен тығыз қарым-қатынас орнатуыңыз керек.

3. Динамикалық ойлау жүйеңізді дамытыңыз.

4. Күнделікті жасайтын кестеңізді құрастырыңыз.

5. Үйренген жаңа біліміңізді басқалармен бөлісіңіз. Сіз бір мәліметті басқаға

түсіндіру арқылы сол ақпаратты миыңызға нақтылап бекітесіз.

6. Өзіңізге ұтыс (ставка)тігіңіз. Адамдар бірдеңені жоғалтып алмас үшін өте

жақсы ынталанады.

Қорытынды: ұйымның тиімді жұмыс жасауы менеджердің қызметкерлерді

тиімді ынталандыра білуінде. Ал ол әрбір тұлғаның өзін-өзі

мотивациялауынан басталады.
Пайдалы кеңестер 23.04.2016 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы