Гарвардтық оқытушының бақытқа жету жайлы 101 сабағы

Гарвардтық оқытушының бақытқа жету жайлы 101 сабағы

Біз бен сіздің өмір күнделікті милиондаған кішкене таңдаулардавн тұрады. Ең үлкен жеңістер мен жер жарар атақтар күнде жасаған кішкентай әрекеттерден бастау алады. Күнмен келіспей, төсекте жата беру ма, ерте тұрып, таңдаулардың санын көбейту ме? Тағдырға өкпелеу ме, мәселелерді мүмкіндіктерге айырбастау ма? Сіз қайсысын таңдайсыз?

Тал Бен-Шахар 10 жылдан аса уақыт бойы бақытты зерттеген. Тіпті, жыл сайын мыңдаған студенттер қатысуға келетін курсының Гарвардта атағы жер жарады. Ол студенттеріне махаббаттың баяндылығы үшін қалай дұрыс таңдау қажет екендігі мен осы таңдауды жасататын пайдалы әдістерді айтқан. Өзінің «Сен нені таңдайсың?» атты кітабы 101 сабақтан құралған.

Психологиялық зерттеулердің көрсетуінше, бақытымыздың 40 -ы біз жасаған таңдауларға тәуелді. Іс-әрекетіміз бен ойларымыз – біздің сезімімізге тікелей байланысты. Мәселен, бизнес-жоспарыңыз өтпей, күткен нәтижеге қол жетпеген жағдайда қалай әрекет ету керек екендігін өзіңіз таңдайсыз – ешқашан арыла алмайтын, тағдырдың қатал сынағы ретінде немесе келесі бір жаңа мүмкіндік ашылып тұрған жаңа тыныс ретінде. Оқытушы Тал бір нәрсеге қатты сенімді болды: «Егер, сіз айналаңдағы оқиғаларға негативті көзқараспен қарауды таңдасаңыз, өзіңе деген сыйластығыңыз төмендейді, болашаққа пессимизммен қарайтын боласыз. Ал, егер, әр іске жаңа бір тыныс ретінде қарасаңыз, өткеннен сабақ алып, таңдауыңызды жақсы жаққа бұруға талпынасыз.»

Бақытты өмірді, бақытты сәттерге жету үшін жасайтын таңдаулар туралы оқытушы Талдан бірнеше кеңестер:

Кейінге қалдыру немесе іске көшу?

Көпшілігіміз прокрастинация аталатын ауруға шалдыққанбыз. Прокрастинаторлардың өте қатты стресске түсетіндігін, үнемі көңілсіз күйде, көп ауруралға шалдығатындығын психологтар дәлелдеді. Әдетте, біз өз күшімізге сенбегенде, немесе жұмыс өте көп болған кезде кейінге қалдырып қоямыз.

Прокрастинациямен күресудің жолдары көп, Талдың ұсынысы, меніңше, ең эффектитісі. Ол «Бес минуттық старт» деп аталады. Оның мәні мынада: «Жарайды, мен жұмысты толықтай шешпеймін, тек 5 минутымды ғана арнаймын. Тек 5 минут қана».

Сонда ғана сіз жұмысқа жаппай сенімділікпен қарайсыз, 5 минуттан соң жұмысты бітіріп тастайсыз. Бірақ, 5 минуттан соң сіздің осы ынта-шынтаңызбен жасаған жұмысыңыз сізді өзіне алып кетеді. Бұл деген сіздің қызығушылығыңыз, ынтаңыз жұмысқа ауып, ол 30 минутқа, сағатқа, сіз жұмысты аяқтағанға сдейін созылуы мүмкін. Бес минуттық стартты күнінен 3-4 рет ұйымдастыруға болады.

Бітпейтін уайым немесе мәселенің шешімін табу?

Осы мақаламды жазып отырып, «бесминуттық старт» әдісінпайдаланып үлгердім. Қандай да бір келеңсіздік туындағанда, солар жайлы оймен басыңызды қатырып аласыз. Психолог Марк Уильямс айтқандай, мұндай бітпейтін уайым – келеңсіздікті шешудің жолы емес, қайта келеңсіздіктің бір бөлігі.  

Осындай сәттерде Тал мынадай кеңес береді: компьютерде жаңа файл ашып, келеңісіздікке қатысты бар ойыңызды жазасыз. Жазыңыз, оқиға қалай басталды? Неге басталды? Оның қайталанбауы үшін сіз не істей аласыз?

Осыны жасағаннан кейін, жеңілдеп қалатыныңызға сізге кепілдік бар. Бар эмоцияңызды шығарып тастап, таза баспен келеңсіздікке тура қарай аласыз. Сезім қағаз бетіне түскен соң, іске сіздің жеке «Меніңіз» кәрәседі.

Негатив тарату немесе махаббатқа бөлену?

Барлығымызға оңай емес, бәріміз біршама күрделі қоғамда өмір сүрудеміз. Күнде бізді біреу немесе бір нәрсе ашуландырады. Осы сәттегі қалыпты жағдайымыз қандай? Жақсылық бумерангын жіберетін болсақ, әлем қадам-қадаммен өзгере бастайды.

Жақсылық бумерангын жіберу үшін, «жақсылық медитациясын» жасаймыз. Ол өте жеңіл, қарапайым әрі махаббатқа бөленуге көмектеседі.

Көзіңізді жұмыңыз, сізге ең қымбат жанды елестетіңіз. Оны қалай құшақтап жатқандығыңызды, жаныңыз қалай жарықтанып жатқанын, жүрегіңіз қалай махаббатқа бөленіп тұрғанын сезініңіз. Оның көзіне қараңыз да, жымиыңыз. Ол жанды елестеткенде жаныңыз қалай жадырап қалғанын, қалай жайлылық сізді жаулағанын сездіңіз ба? Керемет!

Осы қалыпта тұра беріңіз. Енді, қиялығыздан жаңағы жанның бейнесін алып тастаңыз да, жақсылықтың, ізгіліктің күйін ұстап тұрыңыз. Жасай алдыңыз ба?

Қазір сізде жайлылық пен бейбітсүйгіштік сезілуі керек. Жайлылық қалпында ұзақ тұрғаннан кейін, сізді ашуландырған адамды не затты елестетіңіз. Жүрегіңіздегі  махаббат пен жақысылықтың жарығын оған да беріңіз, бөлісіңіз. Осы қалыпта ұзақ тұрыңыз. Қалай жақсарып қалғаныңызды сездіңіз бе?

Уақытыңызды негативке арнамай жақсылықты таратуға эіберіңіз. Бақытты болыңыз.

Қалған кеңестерді «Сіз нені таңдайсыз?ә атты кітаптан оқи аласыз. 

Пайдалы кеңестер 21.04.2016 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,090 қолданушы