... ның күнделігі

Өзінің алдағы жоспары жазып, іске тиянақты кірісуге бел байлаған. Бірақ, денесіне жабысып алған ауырлық жоспарды бастатпады. Бірнәрсе жасауға мұрша бермейтін бас ауруы оны тағы да қозғалтпады. Солқылдап барады. Не істерін білмеді. Бас аурудан шаршаған ол басын жұлып алғысы келді де орамалмен тастай етіп түйіп өз орнына жатып қалды. соңғы кездердегі шаршау, өміріндегі өзгеріс әсерлері қалып қойған жүрек, ауруы басылмайтын бас, ауырлық басқан денесі, ойлаудан тынбайтын мия, барлығы, осыны қалағандай, шаршағандай тез ұйықтап кетті. Өзі де ұйықтаса осыларды ұмытатын еді. Жаны, тәне ауырмайтын еді.

 

Біраз уақыт өткізіп ұйқысынан тұрды. Басқаша күйде тұруды қалаған едй, ешқандай аурусыз, өзгеріспен. Бірақ ештеңе өзгермепті. Ештеңе. Басы ауырып тұр, денесі ауырсынып, жарасы сыздатып. Тіпті, күні-тні ойлайтын сол жан тағы да ойында сайрап тұр. барлық ойын еншілеп алыпты. Сүйетінін түсінседе мойындамай жүрген оны жүрегі осылай мойындататын.

 

Мынадай күйде қалай мақсаттарын орындайтынын білмеді. Армандарына жете алмайын сияқты, өзі қалаған жанмен бірге бола алмайтын сияқты болып көрінді.

03.04.2016ж
Ақ парақтағы ойлар 7.04.2016 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы