Əлеуметтік жұмыс мамандығы - заман талабы

Философия және саясаттану факультеті көп сатылы жүйе бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бойынша мамандар даярлайды.Факультетте жыл сайын 1000-нан астам студент білім алуда, сонымен қатар, 150 оқытушы, оның ішінде ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, доктор PhD бар. Факультетте Әлеуметтік зерттеулер және инжиниринг орталығы, «әл-Фараби» орталығы, ғылыми-инновациялық білім зерттеулер орталығы, Психологиялық зертхана, студенттік клубтар - «Нұр», психологиялық клуб «Инсайт», педагогиқалық театр «Шабыт», «Әлеуметтік жұмыс» клубы, студенттік ғылыми қоғам «Логос» жұмыс істейді. Философия және саясаттану факультетінің студенттері, аспиранттары мен жас ғалымдары халықаралық гранттар мен қорлар бойынша шет елдерде оқып, тәжірибе жинақтай алады. Факультет ғалымдары АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Қытай, Түркия, Иран, Үндістан және Ресей мамандарымен бірлесе отырып, халықаралық грант бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Факультет құрамында PhD бағдарламасы бойынша докторлық диссертациялық кеңестер құрылған. Мамандар даярлау, негізінен, факультет құрамындағы 6 кафедра бойынша жүзеге асырылады. Әлеуметтік жұмыс – бұл мамандық әлемдік тәжірибеде престижді он мамандықтың қатарына кіреді. Жыл өткен сайын өзіне терең назар аудартады. Оның негізгі мақсаты – өмірдің қиын жағдайларына ұшыраған адамдарға көмек көрсету. Осы мамандықтарды игергеннен кейін Сіз біліміңізді төмендегідей іске асыра аласыз: - мемлекеттік қызметте (ҚР Президенті Әкімдігінде, Министрліктерде, Әкімдіктерде); - оқытушылық және әкімшілік қызметтер саласында; - әлеуметтік жобалар сарапшысы мен менеджері және әлеуметтік технолог ретінде; - ірі бизнес пен ғылымның жаңа салаларындағы зерттеушілер мен маркетологтар ретінде; - PR-кампанияларда, халықаралық жобалар мен кадрлық қызметтерде; - мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық қорлардың маманы ретінде; - халықаралық жобалар мен ұйымдарда; - халықты қорғау және әлеуметтік саясат Департаментінің эксперті мен кеңесшісі ретінде. Əл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Унивепситеті, Философия және саясаттану факультетінің, Əлеуметтік жұмыс мамандығы ның 4 курс студенті Сəбиханов Еркебұлан
Негізі мамандық 23.03.2016 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,092 қолданушы