Құмалақ батар күн!

Зымырадым, зып-зып етіп зуылдап келемін, көрісерміз сіз бен біз ертеңгі болар думанда! Зымырап келе жатқан көптін құлағына шалынып жүрген, наурыз айының 14 жұлдызында тамаша бір дәстүрге бір қадам жақындады. Құмалақ бататын күніміздің жарқын бейнесі, күлімдеп дидарлы шуағымен ескі күнтізбе бойынша ырымдардың бірі емес пе?! Осы күннің өзгеден ерекшелігі де баршылық. Қазақстанның тек батыс өңірі балдай тәтті, шырыны мен майын ағыза білетін дәстүрі барын естен шығармайық. Баршаларыңыз түсініп қойғандай, бүгінгі тақырыбым — көрісу дәстүрі.
Көрісу — наурыз мерекесінде жаңа жылымыздан кем түспейтін, қазақ елінің батыс бөлігінде кең тараған дәстүрдің бірі. Осы күні үлкендерге құрметпен, кішілерге ізгі ниеттерімен бөліседі. Жұртшылық барын жинап, бар сақтаған тәттіліктерін дастарханға қойып, жап-жаңа көйлектерін кейіп әзірленеді. Әрбір тұрғын міндетті түрде үш қарияға я болмаса ақсақалдан батасын алу керек. Тіпті, жолдан өтіп бара жатқан ақсақалға сәлем беріп, мал-жанның амандығын сұрастырып, батасын алуы тиіс.

Осы күні міндетті түрде қателіктер кешіріліп, көңіл кірі өшіріледі. Ескі жылдан аман-есен шыққанына қуанып, бүгінгі күнге шүкіршілік айтылады. Жылы лебізге толы пікір мен тілектер ағылады. Көрісуді басқаша «Амал мерекесі» деп те жатады. Шәкәрім атамыздың баласы Ахаттың естелігінде:

14-март – ескіше 1-март. Әкей айтты: «Бүгін ескіше 1-март, қазақша жаңа жыл, ұлыстың (ұлы істің) ұлы күні дейді. Ал жаңа жылдың бұрынғы аты – Наурыз, бұл фарсы тілі. Жаңа күн деген сөз. Қожа-молдалар ескі әдетті қалдырамыз деп, құрбан, ораза айттарын ұлыс (ұлы іс) күні дегізіп жіберген. Ескі қазақша, ескі түрікше жаңа жыл күнінің аты – ұлы іс. Жаңа жыл басының ұлыс екеніне мынадай дәлел бар. «Ұлыс (ұлы іс) күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Абай атамыздың «Жазғытұры» өлеңінде «Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» бөлігі жұртшылықтың дидарлы мінезін көрсетеді.Қалай болғанда да еліміз бен жеріміз тыныш болып, дәстүрлеріміз бұрмаланбай ұрпақтан ұрпаққа өзгертілмей бар нәрімен жеткізуге ниет білдірейік!

 

 

 

 

Қазақ салт-дәстүрлері 14.03.2016 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы