Армысыздар, құрметті жақсылар! Негізі неден бастарымды да білмей тұрмын. Айтар ой көп, бірақ танымайтын елде көп. Олай да былай ойлана келе алғашқы жазбамда өзімді таныстыруға бел будым. Ендеше кеттік! Мен кіммін? Мен — пендемін! Мен — Нұралықпын! Отыз сегіздің жартысынан ассам да анамның еркесімін! Қиялимын, ойға көп шомыламын. Неше түрлі армандарды ойлап, «эхх, өмірім осындай болғанда ғой» деген кездерім де баршылық. Бір қызығы ешқашан ешкімге толық ашыла алмайды екенмін. Тұйық емеспін, сақпын! Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі филология факультетінің ІІ курс студентімін. Болашақ мамандығым — Журналист! Руым — Нұрбай. Негізі Орталық Қазақстанда руға аса қатты бөлінбейді. (Мына қыз руға бөлінеді деген ойлардан аулақ болыңыздар) Көбіне адамдардың әп-әдемі сылдыр суынан, істеген істерін бағалаймын. Қазір адамды «Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарай шығарып салатын» заман. Сол себепті өзгелерден еш айырмашылығым жоқ, бірақ өзгелердің барлығы Абдигалиева Дина Даулетқызы еместігін ескерейік.
 

Мен ҚАЗАҚПЫН! 14.03.2016 жариялады

4 пікір

Ортамызға қош келдіңіз! Қиялимын дейсіз ба? Ондай болса өзіміздің қатарымыздан екенсіз. Қиял, арман, мақсат сізді ұзаққа алып барады. smiley

Міне болашақ Журналист)

Рақмет, сіздерге smiley

Бірінші оқығанда отыз сегізден ассамда деп түсініп,жоғарыдағы суретке бір қарадым)

115,446 сұрақ
292,183 жауап
152,626 пікір
58,662 қолданушы