Ақ парақтағы ойлар 4.03.2016 жариялады
Өтiнем маған сұрақ қойма, неге дейсiң бе? Себебi сен маған және жалған сөйлеуге мәжбүрлеп отырсың. Негiзiнде дұшпандар бiр-бiрiне шындықты айтады. Ал достар, ғашықтар болса бiр-бiрiн жоғалтпау үшiн, қарым қатынастарын ұзаққа созылуы үшiн жалған сөйлейдi. Мен сенi көргенiмде шын сөзiмдi көңiлiме түйiп iшiме жұтамын. Жалған сөзiм болса өздiгiнен тiлiм ұшына шыға бермек. Сенiң әр бiр қарасың, күлкiң түндерi ұйқы бермейдi. Жүрегiм толып жаныңа келгенде, сенi көруiммен жалған сөздердi тоқуға кiрiсiп кетемiн, көңiлдегiн айтуға жiгерiм жетпейдi. Өтiнем маған сұрақ қойма. Хабарласпай қойдым, менсiздiкке үйренсiн дедiм. Себебi түндер батуы бар, күнсiздiкке үйренсiн дедiм. Өз қызғанышымнан өзiм тойдым...
117,188 сұрақ
299,293 жауап
153,132 пікір
63,698 қолданушы