Не тапсақ бiр нәрсемiздi жоғалтамыз, Ал не жоғалтсақ бiр нәрсе табамыз. Алда не болатынын бiлмеймiз.

Қайсы бiр заманда, қайсы бiр жұртта, қайсы бiр ауылда Әке мен Ұл өмiр сүрiптi. Олардың тiршiлiгi диханшылық болып, оларға жәрдемшi бiр аты бар екен. Олар сол атпен жер тартып, ұрық шашып, егiн-егiп, сатып, тiрiкшiлiгiн жасар екен. Күндердiң күнiнде сол аты қашып кетiптi. Көршiлерi айтыпты бекер болыпты, жақсы болмапты, жаман болыпты дептi.Аттың егесi айтыпты дұрыс, атымыз қашып кеттi бiрақ жақсы болдыма, жаман болдыма бiзге беймәлiм дептi. Арадан 3-4 күн өткеннен кейiн қашып кеткен аты қайта оралыпты және бiр өзi емес, қасына жабайы бiр атты ерте кептi. Көршiлерi айтыпты жақсы бопты бiр аты екеу болыпты дептi. Әкесi дұрыс бiр атымыз екеу болды, бiрақ жақсы болдыма, жаман болдыма бiзге беймәлiм дептi. Бәрiмiзге мәлiм жабайы атты жүгендейдi, қолға үйретедi. Шалдың баласы атты қолға үйретемiн деп аттың үстiне мiнiптi. Ат тепсiнiп баланы құлатыпты, баланың аяқтары сыныпты. Көршiлерi айтыпты бекер болыпты, жақсы болмапты, жаман болыпты дептi. Әкесi ия аяқтары сынды, бiрақ жақсы болдыма, жаман болдыма бiзге беймәлiм дептi. Арадан бiраз уақыт өткенде сол жұртта соғыс басталыпты. Соғысқа денi сауларды бақуаттарды ұрысқа алыпты. Шалдың баласының аяқтары сынғаны үшiн соғысқа қатыса алмапты. Көршiлерi айтыпты жақсы болды, соғыстан қалды дептi. Әкесi, дұрыс ұлым соғыстан қалды бiрақ жақсы болдыма, жаман болдыма бiзге беймәлiм дептi. Бұл хикаядан ненi ұғуға болады а? Не тапсақ бiр нәрсемiздi жоғалтамыз, Ал не жоғалтсақ бiр нәрсе табамыз. Хикаяның мағынасын ұға алсаң, менi түсiне алғаның...
Ақ парақтағы ойлар 4.03.2016 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы