Таныстықтың соңы апарып махаббатқа ұласатынын кім білген?!

Есіңде ме, екеуміз алғаш жаздың жайдарлы шуақ шашқан күнінде танысқан болатынбыз? Таныстықтың соңы апарып махаббатқа ұласатынын кім білген?! Бұл өмірде бәрі де мүмкін екен. Алғаш кезде пәк махаббаттың балғын дәміне мас болып жүрдік. Бірақ сол махаббаттың пәктігін ұзаққа созылмасын білсемші... Есiңде ме, алғаш рет менiң қолымнан ұстағаның, сонда сенiң жүрегiңнiң дүрсiлiн сезгендей болдым, маған деген сезiмiңнiң шынайлығын сезгендей әсер таптым. Есiңде ме, алғаш рет ернiмiздiң бiр-бiрiне түйiскенi, әппақ қарға малынған талдың бойында ерекше бiр сезiмдi басымнан өткердiм. Сенің қасында отырып әтірінің иісін. Менімен қалай ойнағаның бәрі есімде. Есім де, соңғы рет қоштасарда көздерiңдегi қылдай үмiтiңдi үзгенiм. Жанарыңдағы ащы жастың бiрер минутардан соң моншақтай төгiлерiн байқадым ба артыңнан күзетпедiм. Көрпеге оранып жұмыс былай тұрсын ешкiммен тiлдескiң келмегенiнде бiлемiн. Сол кезде үлкен қателiк жасағанымды көрдiм, бармағымды тiстедiм. Әттең уақытты керi айналдыра алсам ғой деп күйiне тiзерледiм. Бiлесiң бе мен дүниеге жылап келгенде өмір маған кекете, мазақтай күле қараған. Мен есейдім, мен ес білдім. Бірақ, әлі өмірді кекетіп бір күле алмай келемін. Ұмытып кетіппін ғой, мен АҚЫНМЫН! Ақын деймін... Бірақ, әлі бір болмысы мен бітімі сай өлең жазып көрмеппін. Күлкілі, онда несіне ақынмын деп жаздым екен. Әй, жарайды жазылып кетті, шимайлауға болар еді әттең, сиялы қаламның заманы емес...
Таусылмайтын махаббат 4.03.2016 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы