Жұдырықпен құр көкіректі соға берудi доғарсақ қайтер екен?

Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі. Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық әурешілікті көре көре келдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын... Адамның бір қасиеті – мінез деген. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі. Қысқаша айтқанда Мінез — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мiнез деген әр қайсысымызда бар. Мейлi бiреуде жұмсақ, мейлi бiреуде қатты. Бiр әпке бар едi, алдын бiрге менiмен жұмыс жасаған. Мiнезiнiң шатақтығын-ай адам шошиды, айқайласқанда 5-метр ары жүресiң. Бiрақ бiр қызығы адамдар оны жақсы көрер едi. Сен жақсы қызсың, тамашасың деп. Себебi ол мiнезiн ақылымен жеңер едi, мiнезiнiң шеттен шықпауына ақылы үнемi тосқауыл қояр едi. Мейлi сен ары итерiп жiбер, мейлi үстiнен күл ол мiнезiн көрсетпейдi. Өйткенi ол бүгiнгi күнiмен емес, ертеңгi күнмен өмiр сүретiн адам едi. Мiнез әр бiр адамда бар, тек ол мiнездi шығармас бұрын кiшкене болсын ой-толғау жасау қажет. Әрбір адам ертеңгі күнін ойлауы тиіс. Қазір қалай өмір сүріп жатқаның болашағыңа әсер етпей қоймайды. Егер адамның бойында өзіне тән ұқыптылық пен сыпайылық қалыптасса ол қай ортада болмасын өз орнын таба біледі. Тағы бiр аңғарғаным екi типтi мiнез. Адамның жауабына қарай қандай жағдайда өскенiнде аңғаруға болар екен. Мысалы бiреуге бiр оған жағымсыздау сөз айтып қалдың, ол лезде саған қарай дөрекiлiк танытты. Ондай адамдар жастық шағында еркiн өскендер. Ал керiсiнше үндемей жәй ғана жауап қайтарды. Ондай адамдар ерте есейгендер не болмаса қысылып, бiр қорқынышпен өмiр сүргендер. Бiз бiр нәрсенi бiлгенiмiз жөн не болсын болмасын бiздiң жағымсыз мiнезiмiз өзiмiзден басқа ешкiмге қажетi жоқ екенiн. Осы кезде бiр сұрақ туындайды, жағымсыз мiнез кiмге көрсеткен жарасады деген? Әрине сенiң Бастығыңа) Адамға қай уақытта мiнезiн көрсету жарасады? Қәзiргi заманның системасына сүйенсек өз күшiңмен бастық болғаныңда, үлкен жетiстiктерге жеткенiңде. Өйткенi бiр дәрежеге жеттiң, басқалардың қолдарынан келе бермейтiн дүниенi жасадың. Қысқасы тәуелсiз болдың. Кейбiрiмiз отызға келсекте ата-анаға тәуелдiмiз. Бiзге қәзiр ата-анасызда өмiр сүре алатын сияқтымыз. Бiрақ Құдай сақтасын ата-анаң бұл өмiрден өтсе, бiз кәдiмгiдей жоқ болып кетемiз. Менiң тек айқым келгенi мiнез, көкiректiк деген қасиеттердi өз орнымен пайдаланғанымыз жөн шығар. Әлбетте, ешқайсысымыз судан таза, сүттен ақ емеспін. Періште көкте болса, біз жердегі пендеміз. Артымызда ештеңеміз жоқ, алдымыз жұмбаққа толы, рухымыз әлсіз бола тұра жұдырықпен құр көкіректі соға береміз. Көкірек бос болса, шынайы көңіл қайдан болсын дейсің еріксіз. Итке де сүйек тастасаң, үргенін қойып, басын түсіріп алғыс ишаратын білдіреді. Адаммен дос болғанша, итпен дос бол деген осы шығар, иә?! Мейлі, әркім өзі білсін. Маған ғой бәрібір. Әрқайсысымыздың жолымыз бар. Олармен тәңір мені бір жолға қоспасын әйтеуiр...
Таусылмайтын махаббат 4.03.2016 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы