Орны толмас өкiнiш.

Бiр қыз редакцияға келiп өзiнiң тоқыған өлеңiн ұсыныпты газет бетiне шығару үшiн. Сонда директор -Сiздiң қай жерiңiз ауырады деп сұрақ қойыпты. Сонда қыз -Өлең жазу үшiн бiр жерiмiз ауруы шартпа? -Әрине. Әрбiр сөз, жүректiң түбiнен шығуы қажет. Не жазып жатқанымызды сезiнуiмiз керек деген екен. Кейде өмірден құлазып еш нәрсе ойлағымыз келмей, өзімізді терең тұңғиықтың тұнығына батырып жібереміз.Сол сәтте кішкентай кезімізде құлап, тіземізді жырып алғанымыздай, өмірдің асау атынан құлап, тіземізді емес, кір шалмаған нәзік жүрегімізді жаралап аламыз. Кейде тіпті оны ешқандай дәрі емдеп жаза алмайтындай көрінеді бізге. Жалпы, өмірдің өзі сенімге құрылатынын байқадым. Бір нәрсені армандайсың, жоспарлайсың, оған сенесің. Сендің ба әрекет етесің, шын тілейсің, жеткің келедi. Сенім жоқ па бітті адасып, өзіңнен өзің өмірден түңіліп, құлайсың. Немесе бұрыс жолға түсесің де, өмірің мәнсіз болып өтеді де шығады... Адамның сенiмiне кiру ұзақ уақыт алады, ал сенiмнен шығу бiр-ақ сәтте екен. Сенім махаббаттан да, бақыттан да, байлықтан да жоғары тұратынын бiлдiм. Себебі, махаббатың өзі осы сенім арқылы құрылады емес пе? Франк Крон айтады: "Егер сіз адамға қатты сенсеңіз, сіз алданып қалуыңыз мүмкін, бірақ адамдарға сенбей, сіз азапта өмір сүресіз", деген екен. Біз бұдан сенімсіз өмірдің бос екендігін аңғарамыз. Неміс философы Фридрих Ницше "Я не расстроен тем, что ты солгал мне, я расстроен тем, что теперь не могу верить тебе" деген. Шынында да болмашы бір өтірікке бола "сенім" деген асыл қасиеттен айырылып, жоғалтып алып жатамыз. Сенім мен махаббатты бөліп қарастыра алмаймыз. Сенім болмаса, махаббат пайда болмайды. Сенім жоғалса, махаббатта өз күшін жояды. Қыз бен жігіт бес жыл кездеседі. Бес жыл бойы бірге болған адамдар бір-бірінен жамандық күте ме? Өзіңізді не қыздың не ұлдың орнына қойып көріңіз. Бес жыл бойы жүрген адамнан қалай сенбеймін дейсіз? Екінші жартым деген адам емес па еді деп ойлап қаласың. Бiрақ бiр-ақ түнде шындықты бiлгенiңде, бұлардың барлығы жалған екенiне көзiң жетедi. Күйiнесiң түндi ояумен өткiзесiң. Сонда бiр жауабы жоқ сұрақ туындайды, Не үшiн бұлай болды деген. Өкiнесiн, бармақтыда тiстейсiң. Осыншама жыл күткен адамым осы болдыма, не үшiн ол алдамадым деп тұрып, алдап тұрғаны сенi жегiдей жейдi ғой. Сонда махаббат қайда қалды? 5-жыл өмiрiң босқа өткенiме? 5-бойы оны жақсы бiле алмағаның ба? Әлде махаббат көздi көр, құлақты керең еттiме, орны толмас өкiнiш-ай...
Таусылмайтын махаббат 4.03.2016 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы