Қызықсыз болса да,оқып шығыңыздар:-) :-) :-)

1)Мен осы сайттың бір қолданушысымын. 2)Бұл сайтқа ойда жоқта тіркелдім.Бір сұрақ іздегенмін,жауап берді,сұрақ қойды дегенді көріп қызығып кеттім десем де болады.) 3)Халерикпін-ау деймін) 4)Біреудің айтқанын тез көңіліме аламын,алайда тез ұмытып кетемін. 5)Көңіл-күйім ауа-райына байланысты,күздің жылы,сап-сары кезін жақсы көремін.Қыстың күн жарық болған кезін,жаздың салқын кезін,көктемнің ыстық кезін жақсы көремін.) 6)Музыка тыңдағанды өте жақсы көремін.Мен үшін наушниксіз шығу-ғарышқа скафандрсыз шыққандай. 7)Поп жанрындағы музыка тыңдаған ұнайды. 8)Мен тек өзіме ұнайтын музыкаларды ғана тыңдаймын,тіпті олар модадан шығып кетсе де… 9)Өлең айтқанды жақсы көремін. 10)Би ұнайды,оның өзі ұлттық билер емес… 11)Менің жігіт немесе қыз екенімді тауып алыңдар(угадайте :-)) 12)Әкемнің айтқан ақылдарын өте жақсы көремін. 13)Өзім төрт жарым жасымда мектепке барыппын. 14)Кілең төрт пен беске оқыдым,әрине бес көбірек болды.7-сыныпқа дейін үздік оқыдым,кейін 7 сыныпта математика пәнінен ғана төрт шықтым.Ал сегізінші сыныптан бастап алгебра,геометрия,химия пәндерінен төрттер басталды.Солай жалғасып кетті:-( 15)Қыздардың қатты боянып,(дерзко)көрінгені ұнамайды 16)Ең алғашқы телефоным экраны өте кішкентай қарапайым болды.Оның өзі 2 апта ғана ұстаған шығармын.Оны 5-сыныпта ауруханаға жатқанымда әперген.Кейінгі соткам Samsung galaxy young болды.Ол кезде ең мықты сотка болған))Қазір де Samsung ұстап жүрмін,яғни үшінші соткам 17)Көптеген аксессуарларға қатты қызықпаймын. 18)Қарапайыммын,тыныштықты жақсы көремін(жалғыздықты емес) 19)Решительный емеспін,шешімді қабылдамас бұрын мың ойланып,жүз толғанамын. 20)Жексенбіні ұнатпаймын,маған субботаның түстен кейінгі уақытынан бастап,воскресенье-нің таңертеңгі уақыты ұнайды) 21)Мен үшін адам 9 сағат ұйықтауы керек) 22)Көп сөйлемеймін. 23)Салмақты,сабырлы емеспін. 24)Бірдеңені бүлдірсем,өтірік орнына қойып кетемін,мойындаған емеспін.Әлі есімде.Бір күні тәтемнің үйіне қонаққа бардым.Ол кісі шығыстанушы болатын.Египеттен бағалы(бір тастан жасалған) шахмат алып келген,ойнауға сұрап алғанмын.Маған СЫНДЫРЫП АЛМА,ҚЫМБАТҚА АЛДЫМ деді.Бір жүргенімде корольін сындырып алдым.Сосын орнына қойып қойдым сынған жерін,тұрғанда білінбейді де.Сындырып алма дегеннен кейін қорықтым да,айтпадым.Сындырғанымды әпкем ғана біледі.Тәтем басқа қалада тұратын.Өз қалама қайтып келдім).Әпкем сонда тұрады,өзімнен 1 жас үлкен.Тәтем үй жинап жатқанда шаңын сүртпекші болған ғой,король сол кезде сынып қалыпты.Жанында әпкем тұрыпты.Ол корольді өзім сындырдым деп ойлап қалды.Әпкем жанында тұрып,тіпті күліп жіберіпті.)))Содан бастап мойындамаймын,егер сен сындырдың ба деп сұраса,әрине,шындықты айтамын.Бірақ сындырғанымды өзім барып айтпаймын. 25)Ары қарай жазуға ерініп тұрмын.Кейін жалғасы болады! )))))
Мен туралы 100 факт 8.02.2016 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы