Мәдениеттану мамандығы – қоғам талабы

Жастардың адамгершілік - рухани құндылықтарын дамыту, оларды патриоттық тәрбиеге, ұлттық сана сезімді оятуға баулу, білім алу және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу біліктілігін арттыру, дәстүрлі мәдениетіміздің рухани және материалдық құндылықтарын сараптай отырып, тани білуге үйрету - бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі болып отыр. Қоғамның негізгі тірегі - азаттық рухы мен бабалар өнегесін бойына сіңірген, білімге деген талпынысы жоғары, алдына биік мақсаттар қоя білетін жалынды жастар. Ал жастардың негізгі бөлігін студенттер құрайтыны бәрімізге белгілі. Болашақ кәсіби маман болатын студенттің ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен саналы сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыру мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның философия және саясаттану факультетінде Мәдениеттану мамандығы құрылған болатын. Мәдениеттану - бұл студенттердің қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, тілдік және ғылыми қызығушылықтарын арттыруға бағытталған қоғамдық пән болып табылады. Пән ретінде студенттердің қоғамдық белсенділіктерін дамытуға, бос уақыттарын тиімді өткізуге, сондай-ақ мәдениет пен спорт бағытын жетілдіруге, университеттің ұжымдық мәдениетін арттыруға бағытталған. Бұл бағыттар бойынша мәдениеттану мамандығының студенттері әр түрлі конкурстар мен дөңгелек үстелдер, іс-шаралар өткізеді, әрдайым көрмелерге, кинотеатрларға, театрларға мәдени жорықтар, қала мұражайларына және т.б. студенттік экскурсиялар ұйымдастырып отырады, мәдениет саласында қызмет етіп жүрген дарынды өнер қайраткерлерімен қызықты кездесулер өткізіп тұрады.

Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттану жеке пән ретінде ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттану пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттаердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.

Жалпы, университетте білім беріп қана қоймай, жастардың рухани байлығын арттыру, ішкі мәдениетін көтеру, сияқты жұмыстарды ұйымдастыруоқу ордасының беделін бұранғыдан да биік белеске көтеретіні талас тудырмайды.Осы орайда, студенттерді тілдік, мәдени және ғылыми қызығушылықтарын біріктіретін қоғамдық пән Мәдениеттану мамандығы болашақта интеллектуалды, креативті маман даярлауға өз септігін тигізеді деген сенімдеміз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Уиверситеті, Философия және саясаттану факультеті, Мәдениеттану мамандығы 4 Курс
Негізі мамандық 7.02.2016 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы