Бала асырап алу мәселесі жайында

Бала асырап алу

Бала асырап алу– заңды түрде баланы отбасына қабылдау. Бала туысқан ретінде ұлы (қызы) болып барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады. Бала асырап алу баланы отбасына орналастырудың басты түрі болып келеді. Ал ата-аналар үшін бұл - бала тағдырына және оның толық дамуына ең жоғары дәрежедегі жауапкершілік.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Заңының 77- баптың 1) тармағына сәйкес баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді. Өтініш баланың тұрған жеріндегі аудандық сотқа беріледі.
Бала асырап алу туралы өтінішке келесі құжаттарды ұсыну керек:
• қорғаншылық және қамқоршылық органының асырап алу, баланың қызығушылығына сай және негіз бар екендігі жөнінде қорытынды;
• асырап алушылардың тұрмыс жағдайын тексеру актісі;
• баланың туу туралы куәлігі және акті жазбасының көшірмелері;
• асырап алушының денсаулығы, дене және ақыл-есінің дамуы туралы медициналық қорытынды;
• заң бойынша қажет жағдайларда баланы асырап алуға ата-аналарының келісімі;
• 10 жастан бастап баланың асырап алуға берген келісімі;
• өтініш берушінің көзделген баланың асырап алушысы бола алатындығын дәлелдейтін айғақтар (ереже бойынша балалар мекемелерінің – балалар үйлерінің, басшыларының асырап алушының баламен жасаған қарым-қатынасы туралы қорытындысы).
Қамқорлық пен қорғаншылық- баланы тәрбиелеу және оқыту сонымен бірге құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында тәрбиеленуші құқығында отбасына қабылдау. Қамқорлық 14 жасқа дейінгі балаларға, ал қорғаншылық 14 жастан 18 жасқа дейін тағайындалады. Бала өз атын, әкесінің атын сақтайды, ал туған ата-анасы өз баласын асырауға қатысу міндетінен босатылмайды.
Қамқоршы баланы тәрбиелеу, оқыту, асырау және балаға қатысты жауапкершілік сұрақтары бойынша ата-ананың барлық құқықтарын иеленеді.
Қорғаншы және қамқоршы органы баланы асырау, тәрбиелеу және оқыту жағдайларына үнемі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Кәмелеттік жасқа толған әрекетке қабілетті азаматтар қамқоршы мен қорғаншы бола алады. Сонымен қатар жеке басының мінез-құлқы, жас ерекшелігі, денсаулығы есепке алынады.
Олар қамқолық пен қорғаншылықты қажет ететін тұлғаның мекен-жайы бойынша қорғаншылық пен қамқорлық органына берген өтінішінің негізінде тағайындалады. Жекелеген жағдайларда өтініш қамқоршының (қорғаншының) мекен-жайы бойынша беріледі. Өтінішке келесі құжаттарды қосымша міндетті түрде ұсыну керек:
Қамқоршы үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1.     Қамқоршының төлқұжаты (көшірме).
2.     Қамқоршының өтініші.
3.     Егер қамқоршы некеде болса, жұбайының келісімі.
4.     Қамқоршының денсаулығы туралы анықтама (белгілі үлгіде).
5.     Қамқоршы болғысы келетін тұлға некеде болған жағдайда, 
жұбайының денсаулығы туралы анықтама.
6.     Қамқоршының тұрмыс жағдайын тексеру актісі (мекен-жайы 
бойынша мектеп толтырады).
7.     Жұмыс орнынан атқаратын қызметі және еңбек ақысы туралы 
анықтама.
8.     Жұмыс орнынан мінездеме (мөр, мінездеме берушінің қолы). Егер қамқоршы жұмыс істемейтін болған жағдайда 2-3 көршісінен өзі туралы пікір.
9.     Отбасының құрамы туралы мекен-жайынан анықтама (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі).
Бала үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1.Туу туралы куәлік (көшірмесі).
2.Ата-анасының жоқ екендігін дәлелдейтін құжаттар (қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі, ата-аналық құқықтарынан айыру туралы, тәрбиесінен бас тарту туралы, мекен-жай анықтамасы және т.б.)
3.10 жасқа толғаннан бастап баланың қамқорлыққа келісімі.
4.Баланың тұрмыс жағдайын тексеру актісі (мектеп толтырады).
5.Мүліктерінің тізімі (мектеп толтырады).
6.Пәтерді жекешелендіру туралы шарттың көшірмесі (егер бала 
пәтерді мұрагерліке алған болса).
7.Жылжымайтын мүлік бойынша орталықтың № 1 ақпараттық 
анықтамасы.
8.Баланың оқитындығы туралы мектептен анықтама қағаз. 
9.Балаға мінездеме.

* * *
egov.kz сайтына сілтеме жасаймын. Мұнда толығырақ нақты ресми ақпараттар көрсетілген.

* * *

Қолданушылар сұрақтары:

Саламатсыздарма,мен Махамбет ауданнан жазып турмын мен бир кыз бала асырап алайын деп едим кайдан алуга болады екен, кыйын ба алу 8 жыл бурын алганмын  тагы береуин енди кызбала керек еди комектессиниздерши.  Айнаш Беккалиева.

Менің жасым 56-да, жесір айелмін  Жұмысым бар, үйім бар, 2 балам бар 18-ден асып кеткен. Мен 1-3 жастағы бала асырап алғым келеді. Бола ма?   Үміт

Ал жауап сіздерден болсын.

Қазақ салт-дәстүрлері 1.02.2016 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,090 қолданушы