Футбол - спорт емес, саясат!

Бүгінгі "Алтын доп" рәсімінен кейін осылай деуге тура келіп тұр. Жо-жоқ, "Алтын допты" Мессидің алуына ешкімнің таласы жоқ. Тіпті, 2015 жыл шымылдығын түсіргенде-ақ Леоның үздік екені анық еді. Мәселе басқада.

Алтын доп

Жалпы "Алтын доп" форматын өзгерткелі екі мәрте осы марапат әділетсіз берілді деп ойлаймын. 2010 жылы жеңімпаз Иньеста, 2013-те Рибери болуы тиіс еді. Бұл да бір саясат. Бүгінгі марапаттау рәсіміне қайта оралайық.

"Пушкаш сыйлығы", яғни ең үздік гол аталымы Венделл Лираға бұйырды. Венделл Лира, Карл! Испания кубогында бүкіл "Атлетиктің" қорғанысын жарып өткен Мессиге емес, Чемпиондар лигасының матчында орталық алаңнан "Барса" қақпасын дәл көздеген Флоренция емес. Бразилияның екінші чемпионатында өткен матчта соғылған гол үздік шықты. Бұдан артық қандай саясат керек?! Типінақ, ФИФА жергілікті футболды да дамытуға көңіл бөледі. (Футболдың спорт емес, бизнеске айналғалы қашан). Былтыр Ван Персидің қайталанбас голы үздік болу тиіс еді. Алайда ФИФА былтыр Хаместі таңдады.

Үздік 11 футболшының тізімі де күмән туғызады. Қақпашы - Нойер?! Мам*ма миа! ЧЛ финалына шыққан Буффон қайда? Тіпті, командалық трофей маңызды десеңіз Чилидің қақпашысы Браво қайда? Жоооқ, ФИФА-ның пікірінше өз қақпасына болмашы гол жіберіп алатын Нойер үздік екен.

Қорғаушылар қатарындағы Серхио Рамос пен Даниел Алвес тізімде не жоғалтты десеңші?! Екеуі де қақпасына гол әкелуден басқа ештеңемен есте қалған жоқ былтыр. Ау, көке! тасқамал қорғаушы Годин қайда? (Екінші жыл уругвайлықты елемей жүргені). Оң қанатта ешкімге дес бермеген Хуанфран мен Лихштайнер қайда қалды? Құдайға шүкір, Шакираның күйеуін үздік орталық қорғаушыға қоймапты, әйтеуір. Марселоның да тізіміде болуы сұрақ туғызады. Оның орнына Хосе Гайяны немесе Алабаны қоюға болатын еді. Дегенмен, Марсело басқаларға қарағанда лайықтау. Сильваның орнына не Кьеллиниді немесе Боатенгті енгізгенде дұрыс шығар еді жалпы.

Ба-банг! Жарты жыл лазаретте жатқан Модрич - үздік жартылай қорғаушының бірі. Жо, Луканың мықты ойыншы екені рас. "Мадридтің" де ойыны сол арқылы өрбіді. Алайда ол маусымның біраз бөлігін алаң сыртынан тамашалады ғой?! Оның орнына Бускетс тұруы тиіс-тұғын. "Мадридтің" футболшысы тізімге іліну керек болса, Хаместі ұсынар едім. Алайда Модричті былтырғы үздік деу... Жерді тоқтатың, түсіп қалайын. Погба? ОМГ! Оның орнына Артуро Видаль үздік атануы тиіс еді. А, жоқ. Тізімде бір негір болуы міндетті екен ғой. Иньеста? Дон Андеастың талантына таласым жоқ. Алайда ол былтыр өзінің көлеңкесінде жүрді ғой. Бұл сөзімді "Барселонаның" ойынын үзбей көретін кез келген көрермен келіседі деп ойлаймын.

Ешқандай күмән туғызбайтын тізім - шабуылшылар. Дегенмен, мұнда Суаресті не Левандовскиді енгізуге болатын еді. Меніңше, Иньестаның орнына осы екеуінің біреуі үздіктер қатарында болуы тиіс.

Спорттық тұрғыдан емес саяси тұрғыдан тізімнің осылай түзілуі азулы командалар үшін тиімді секілді. Тіпті ФИФА да мұндай тізімнен пайда тауып жатса таңғалуға болмайды. Годинге қарағанда Рамос медиалық тұлға. Хуанфран мен Лихштайнер футбол ойнайды, Алвес секілді медиаға әдемі көрінуге тырыспайды. Тізімді осылай жалғастыра беруге болар. Яғни, бұл үздік 11 таңдау әдеттегідей саясатқа айналды

Абай Отар Спорт 12.01.2016 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы