Қызықты деректер 11.01.2016 жариялады

Бір баррель

Бір баррельде 159 литр мұнай болады. Мұнайды өңдеу кезінде бұл көлем 9 литрге көбейетін көрінеді. Нәтижесінде 168 литр болады екен. Бір баррель мұнайдан: 85 литров бензин алынады. Менің «Шкодам» 1200 шақырым жүреді онымен. 25 литров солярка шығады. «Есі дұрыс» «Беларусь» тракторы мұнымен 70 шақырым жүреді. 20,7 литр керосин өндіріледі. Бірақ, онымен Боинг -747 ұшағы 2 шақырым да ұша алмайды. Сонымен бірге, 1 баррель мұнайдан 9 литр refinery gas-мұнайөңдеу газы, 8 литр мұнай коксы. 5,6 литр мазут, 4,5 литр сығымдалған газ, 1,5 кг ағаш көмірі, 12 баллон пропан, тортқа арналған 170 балауыз шам, 1 литр мотор майын алуға болады екен.

Мұнайдан бұдан басқа да толып жатқан дүниелерді алатын көрінеді. Бұл енді, дамыған елдердің зауыттарының көрсеткіші. Әйтпесе, ТМД елдерінде мұнайдан осыншама дүние алатындар сирек. Америкалықтар бір тонна мұнайдан кем дегенде 450 литр бенизин алатын көрінеді. Теріскейдегі көршілер шамамен 140-160 литр бензин өндіреді екен.

Ал, бір Айфонның құны 20 баррель мұнайға тең болып тұр бүгін.
Еріккеннің есебі бұл.

117,727 сұрақ
302,834 жауап
153,350 пікір
65,120 қолданушы