Қызыңды қуантатын 30 нәрсе

Қызыңды қуантатын 30 нәрсе:

1. Оған оның әдемі екенін жиі айт.  
2. Оның қолынан ұстап жүруге тырыс.  
3. Оның артынан келіп қатты құшақта. Ұзақ жібермей құшақтап тұр.
4. Оның маңдайынан сүй.
5. Оятқышыңа (будильник) күндегі өлең емес, оның дауысын қой.
6. Көңіл-күйі болмаса бірден оның проблемаларын шешуге тырыспа, оны ұзақ құшақтап қашанда қасында болатыныңды айт.
7. Кішкентай, саған маңызды болмайтын нәрселерге мән бер. Олар қызың үшін маңызды болуы мүмкін.
8. Егер басқа қызбен ұзақ сөйлессең, болған соң оған келіп құшақтап оны қатты жақсы көретініңді айт.
9. Оған хат жазып тұр.
10. Достарыңмен таныстырғанда «менің қызым» деп таныстыр.
11. Саған ашуланып тұрғанда келіп сүюге тырыс, тырысып көр))
12. Шашынан сипап, шаштарының арасынан саусақтарыңмен жүргіз.
13. Оны көтеріп ал,«жібер!» деп айқайлап жатса да. Ол сенің көтергеніңді ұнатады, мойындамаса да.
14. Онымен қытықтап ойнауға тырыс.
15. Онымен жай ғана не істегені туралы, немесе кез-келген оны қызықтыратын нәрсе туралы сұрап сөйлес.
16. Анекдот айтып күлдіруге тырыс, оның күлгеніне ұзақ қарап отыр.
17. Сенің иығыңа басын қойып ұйықтап қалсын. (Ең керемет сәт.)
18. Иығыңа отырғызып жүріп көр.
19. Ұнататын гүл шоғын сыйла.
20. Онымен достарыңның көзінше оңашада сөйлескендей сөйлес.
21. Көзіне тура қарап жыми.
22. Кез-келген берген сыйлығына қуанғаныңды көрсет.
23. Сені қалағанынша суретке түсірсін.))
24. Оған 3 нәрсе сыйла: 1) Жұмсақ ойыншық (Ұйықтардың алдында құшақтап жатады), 2) сақина немесе алқа (ол оны әрқашан тағып жүретін болады), 3) Футболкаңды, ол оны киіп ұйықтайтын болады.
25. Оған қанша босамай жүрсеңде, күніне кішкене де болса уақыт тауып, көңіл бөлуге тырыс.
26. Алыста болсаңдар сағынғаныңды айт.
27. Екеуің сөйлесіп отырғанда басқа нәрселерге алаңдама.
28. Кейбір сөздеріне басқа қарап көңіл бөл, қыздар тура айтқанды емес, басқаша жеткізгенді ұнатады.
29.Жаңбырдың астында сүй. (Ол оны ешқашан ұмытпайды.)
30. Жақсы көретініңді көбірек айт.
Таусылмайтын махаббат 9.12.2015 жариялады
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы