Өмір атты кітабымның 50 тарауы...

Бұл менің алғашқы блогым. Осы сайтта блог деген бөлім ашылғаннан бері ол не? не жазуға болады?  деген ойда жүр едім, сайтқа көптер бері кіріп тұрғаным, анықтап асықпай қарап отсам санаттын ішінен "Мен туралы 100 факт" деген санаты көрдім не екен деп кіріп қарап едім көптеген қолдаушылар өздері туралы мәлімет жазған екен барлық қолданушылардың жазбасын оқып шықтым бәрі ұнады. Оқығаннан кейін бірінші блогім осы өзім туралы мәлімет жазудан бастаймын деп шештім. Ендеше шұбыртып жаза бермей Өмір атты кітабымның 50 тарауымен сіздермен бөлісейін:

  1. Атым – Айдана. Үлкендердің айтуы бойынша Айдай сұлу және Дана адам болсын деп қойған екен. Бірақ қайдам мен атыма лайық болмайтын сияқтымын бұл уақытша өмірде бір қалыпты сұлу болу мүмкін емес шығар, даналыққа келсек ұлы дана адамдармен салыстырғанда менің даналығым жайқалып тұрған емен ағашының бір ғана жапырағына тең шығар.
  2. 1997 жылдың 40 градус шыжып тұрған айда дүниеге келдім))
  3. Атырау обылысың бір селосында дүниеге келдім, кәзіргі таңда дәл осы обылыстың бір қаласында тұрамын.
  4. Кіші жүзден тараған Беріштің қызымын. 
  5. 9 жыл оқуымды 4 жердегі 4 мектепте көшіп- қонып оқыдым)) оқуым басында үздік болды,кейін басқа мектепке ауысқан сон түсіп қалды оны көтере бастап едім тағы ауысып кеттім)) солай жүріп 9 жыл оқуды 4-5ке бітірдім. Кейін тұрып жатқан қаламдағы колледжге құқықтану мамандығына оқуға түсіп оны қызыл дипломмен бітіріп шықтым. ЖОО сырттай оқып жатырмын
  6. Кітапты сүйсініп, кітапханадан шықпай оқыған жоқпын оған өкінем, бірақ кәзіргі танда оқып жүрмін бірақ орысша кітаптарды. Ник Вуйчичтің «Жизнь без границ» деген кітабы қатты ұнайды өмірге деген талпысы тандай қаттырады.  
  7. Сүйікті пәнім-ДШ)) сосын-тарих, алгебра т.б
  8. Қазақ тілін-5ке, орыс тілін-4 ағылшын-3,5 білемін)))
  9. Анамды қатты жақсы көрем, сыйлаймын. Менің анам менің-Жәннатым...
  10. Достарым Аллаға шүкір бар. Бірақ өзім жанымды беруге дайын досым екеу-ақ.
  11. Бұл өмірге мұсылман болып келгеніме қуанамын.
  12. Өмірлік ұстанымым жоқ. Қиналған уақытта бәрі жақсы болатына, жақсы болған уақытта бұның бәрі уақытша екеніне сенемін.
  13. Аллаға сансыз шүкір денім сау, танертен тұрып не жеймін, не киемін деп ойлап қиналған емеспін Анашымның арқасында...
  14. Көбіне адамдармен құр әнгіме айтқанша, салиқалы мән мағынасы бар әнгімелер туралы сөлескенді жақсы көремін. Сол себеті достарым маған ренжейді)))) (енді всегда олай сөлеспеймін әрине, мән мағынасы жоқ бос әңгімелерді көп айтам құрдастырымның))    
  15. Жасым 18-ге келседе жаман еркемін..(ондада еркелігімді көтеретін адамдарға еркелеймін атак басқаларын сеп-серьезномын))     
  16. Мінезім ашық деп айта алмаймын, жалпы тұйық адамның еңді қатты тұйық емеспін орташа)) бұл блогқа жазып отқан фактілерімді қасымда жүрген, мені танитын адамдар білмеуі мүмкін))
  17. Саннан киелі 7 саны, тағамнан-бөліп жарған тағамым жоқ сол тағамның бары үшін сансыз шүкіршілік етемін (бірақ ішінен балықты сүйсініп жеймін) сусынан-қымыз,шұбат, (анар шырыны) ұнайды.
  18. Қою көк, қара, ақ, қызыл түстер ұнайды.
  19. Классикалық үлгіде киінгенді ұнатамын, барынша солай киінемін..
  20. Тамақ дайындау жағынан онша қызығушылығым жоқ.
  21. Бояну жағынанда қызығушылығым жоқ
  22. Бойым-168 салмағым – 50 сияқты))
  23.  Спортты жақсы көремін. Қысқы спорт түрі көп ұнай бермейді. Қалғаның обожаю)) Мектеп кезінде спорттан амбибап спортшы болып мектепшілік жарыстардын бәріне баратынмын..
  24. Футбол көрген ұнайды бос уақытымда әрине былай шаруаларымды ысырып қойып қарамаймын. Реал Мадрид командасының жанкүйерімін. (0-4 болып ұтылып қалғанына әлі жыным келеді)))) Барселона командасынан Суареспен Неймардын ұжымдасып ойнаған ойыны қатты ұнайды.
  25. Сұрақ жауап сайтын тіркелгеніме 3 жыл болыпты. Тек қаны осы аккаунтым ғана бар. Сайтқа нағашы ағам кіреді екен содан көріп алып қызығып тіркелдім. (өкінішке орай ағам  (сондағы не бары 3-4 ай үлкен ағам) көп кіре бермейді)
  26. Сайтқа көп уақыт бойы қол тимей кіре алмады. Басында тіркелгенде күнде отыратын едім, ағам екеуміз кім осы аптаның үздігі болады екен деп жарысатын едік)))
  27. Сайттағы қолданушыларға алғысым шексіз.. Сайттағы қолданушылармен таныс емеспін бұрын болды кәзір кірмейтін сияқты нақты білмедім. ZHA деген аккаунтпен Жәнібек есімді бала болды сол баланың көмегі маған көп тиді және тағыда басқа қолданушылар болды ұмытып отқаным...          
  28. Алғашқы телефоным суға салса батпайтын, отқа салса жаңбайтын простой нокия болды))) 13 ке толғанда туған күніме нағашы әжем сыйлаған еді. Кәзір SG s4 ұстаймын.
  29. Айфонға қызықпаймын неге екенін білмейм) Айфон 6 ініме бере салдым ұстамаймын деп))
  30. Көлік жүргізу куәлігім бар бірақ әлі көлікті жақсы меңгерген жоқпын.
  31. Көліктер қатты ұнайды. ( жылдамдық, қатты әуен, шексіз жол керемет үйлесім вместо тысячи психологов)))
  32. Детектив жанрындағы кинолар ұнайды. Законопослушный гражданин, Заложница, Кто я?, Иллюзия обмана, сияқты шытырман киноларды қараймын. Сериялдан Мажор, В поле зрения/подозреваемые қатты ұнайды. Мажордың 2 сезонын ал подоз.5сезонның шыққанын күтіп жүрмін.)))
  33. Осы күнге дейгін тв.дан том и джерии көрсетіп жатса жүгіріп келіп қараймын))) Гадкии я мультфильмін обожаю))
  34. Ең жаман қасиетім біреу ұрысса, мақтаса екі бетім қып-қызыл болып кетеді сондан құтыла алмадым қалау қоюға болады)))
  35. Сабақ айтып тұрсам, біреуге бірдеме түсіндірсем екі қолым аузыммен бірге жыбырлап тұрады тоқтамай. (кейбір жаңалықтарда астынғы жағында бір жүргізуші қолмен түсіндіріп жатадығо сол сияқты)))
  36.  Қобалжу сезімі бойыма көп тарат кеткен)))
  37. «Армансыз адам қанатсыз құс» дегендей армандарым өте өте көп.
  38. Фобия жоқ.
  39. Бірақ маған сенген адамдардың сенімін ақтамай қаламынба деп қатты қорқам
  40. Кішкентай кезімде суда аяқ тіреп қойып жүзуден мастер едім)) казирде жүзіп білемін бірақ мастер емеспін)
  41. Компьютерді орташа білемін.
  42. Кезінде контр жақсы ойнап едім)) қазір көп комп. ойын ойнамаймын онда санда фифа))
  43. Екі жүзді адамдарды суқаным сүймейді жек көрем..
  44. Өзімді мақтай алмаймын)))
  45. Әдеби сөзбен сөлегенді жақсы көрем бірақ көп сөлей алмаймын.(ол үшін де оқу керек екен )))
  46. Әлеуметтік желіде ешқайсында отырмаймын. WhatsApp бар, mail.ru бар бірақ тек почтасын пайдаланамын көп жерге керек болып жатады.
  47. Музыкадан лирикпін))) өлен тындау көңіл күйіме байланысты)) жұмысқа апарып әкелітін осы музыкалар)))  
  48. Будильникте тұрған өленге 1 аптадан соң жыным келіп кетеді (не айтқым келгенін түсінген шығарсыздар)) Егор  Крид-Будильник осы ұзаққа тұратын сияқты)))
  49. Телефонды сөлесу үшін сосын ойын ойнау үшін қолданам))
  50. Жүрегінде иманы берік адамдарды үлгі тұтамын...             

Тек қана 50 факті жаздым жаза беріп сіздерді зеріктіріп жіберемба деп ойладым)))    

 

Мен туралы 100 факт 3.12.2015 жариялады

7 пікір

Зеріктіргенжоқсың)) жақсы жазғансың¤¤¤
Akdara, қуаныштымын)))
Бір деммен оқып шықтым. Өте қызықты ақпарат. Осы эстафетаны жалғастыру керек еді. :)
жақсы жазыпсың, енді оқыдым. "100 факт" блогтарының арасында менің бұрынғы блогым бірінші орында екен))

пікірлеріңізге көп көп рахмет көңілдеріңізден шыққаныма қуаныштымын..blush

42 ұнады                                                    .
жарайсын!!! маған да қатты ұнады!!! алған бетіннен тайма! Арманың көп екен, жетуіне тілектеспін
116,025 сұрақ
294,324 жауап
152,839 пікір
60,310 қолданушы