Өлең жолдары

Қалмақтардың ауылында

Мекен қып қалмақтардың қонақ үйін

Кештікқой жат жұрттықтың біраз күйін

Біздерде ойын күлкі,күнде жиын

Тоғысқан қанша халық, тілі қиын

Қазағым байырғыдан мықты болған

Екі елде қанды шайқас ылаң қылған

Құл қылып, еркектерін айдап алып

Қыздарын басыбайлап күңдей қылған

Қалмақпенен қазағым келіспеген

Ұрыста біздің жақта беріспеген

Жан жағын қоршап жатыр көптеп теңіз

Қалмақтың елі барма деп жүрмеңіз

                       *    *   *

Алу үшін барғанбыз автолавка машина

өндірілмес біздерде  бұған жаның ашима

қалмақтың экспортына үлес қостық кішкене

біздің ел қашан дамыр деп сұрландымғой тістене

Жергілікті тұрғындар бізді бай деп ойлайды

Бөтен қарап біздерге таңырқауын қоймайды

Бір айға жуық боп қалды қайтсам деймін еліме

Бар қуаныш  сондағой атамекен жерімде

                                                                   11/11.1989ж

                                                                    Гостиница Каспийск. Таңатбеков Күнтуар

Дәрігүл Күнтуарқызы Ақ парақтағы ойлар 29.11.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы