Реалдың масқара болып ұтылуы

Бүгінгідей есепті күткен жоқпын. Әйтеуір "Барселона" жеңеді ғой деп ойлағанмын.

Суарес

"Реал" мен "Барселона" арасындағы матч әрдайым сезімге толы кезеңнің бірі ғой. Тіпті, екі команда ойнағанда бүкіл әлемді ұмытуға болады. Бүгін сол сезімді селт еткізер ештеңе табылмады.

Матчтан бұрын "Реал" ойын бастала сала шабуылға шығып, "Барсаны" әбігерге салады. Сол арада бір гол салып алуы мүмкін деп күткенмін. Есін әрең жиған каталондықтар екінші таймда есепті теңестіріп, соңғы минуттарда жеңісті жұлып алады деп ойлағанмын. Аршавин айтпақшы, "біздің дәмеміз - біздің мәселеміз" екен.

Ойынға тоқталсақ. "Реалдың" мұндай үмітсіз ойынын ешқашан көрген емеспін. Тіпті, Моуриньо "Камп Ноуда" 5-0 есебімен жеңілгенде де мадридтіктерде ұшқын болған. Бүгін "Реалдың" футболшыларында оның бірі де табылмады. Бір-бірін түсіну жоқ, шабуыл нөл және прессинг сирек.

Меніңше, бар жауапкершілік Рафа Бенитестің мойнында. Полициядан әрең құтылған Бенземаны, жарақатпен ойнаған Рамосты, Соболев секілді ойнап жүрген Данилоны алаңға шығармауы керек еді. "Реалдың" шабуылына қан жүгіртіп жүрген Хаместі алмастырмаған жөн-ді. Алайда уақыт өтіп кетті. Бүгінгі матч та тарих қойнауына кетті.

Жоғарыда сезімді селт еткізер ештеңе болмағанын айттым ғой. "Реалдың" сүреңсіз ойыны жеңістің тәтті дәмін толық сезіндіре алған жоқ.

Абай Отар

Спорт 22.11.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы