Қазақ әйелдерінің екінші қайтара тұрмысқа шығуы жайында.

Әйелдің екінші қайтара тұрмысқа шығуы жайында.

Әйел баласы (қатын, себебі бұл жағдайда бұл жағдайда бұл адамның қыз болуы еш мүмкін емес) екінші рет тұрмысқа шыққан жағдайда жігіт оған міндетті болмаса да қалың мал төленеді(әрине қыз кезіндегідей емес, келісіммен), өлі-тірісі де апарылады, барлық ырым-кәделерінің барлығын істеуге болады, себебі жігіт ол келіншекті жар етуге алып отырған жоқ па, сондықтан қазақтың » Қалыңсыз қыз болса да кәдесіз күйеу болмайды» — деген сөзі осы жерде келеді. Тек қана беташар жасалмайды, «Бір тойда екі жар болмайды» — дегендей бұрын беті ашылып қойған келіншекке айналасына таныстыру есебінде кішігірім неке қидыру тойын жасаған дұрыс. Сіздер қалай ойлайсыздар?

Данышпан Қазақ салт-дәстүрлері 15.01.2015 жариялады

5 пікір

Жако аға. Өзіңізден ақыл кеңес сұраcам болады ма?

Мені осы тақырып. соңғы кездері қатты толғандырып жүр. Басымнан өткен жағдайды баяндап берейінші:

Осыдан 4-5 ай бұрып бір қызбен таныстым. Ол қыз үйінің жалғыз қызы, одан бөлек ағайынды туған ағасы және інісі бар. Үйінде жалғыз қыз осы.

Бірге арласып сөйлесіп жүріп, бір-бірімізді шын ұнаттық. Тіпті бір-бірімізді қатты жақсы көреміз десек те болады. Осыдан 2 ай бұрын қыз маған мені алып қашып болып кетсе де маған үйлен, айтпесе мені әке-шешем жолдас балдарыынң баласына тұрмысқа шығармақшы деп айтты. Ол жігітті ұнатпайтындығын, мейлі қандай қиыншылық болса да менімен бірге болатындығын ескертті. Мені тым болмаса алып қашып кетші, әке-шешем артымнан қуып келсе де осы үйде қаламын деп айтамын, мені алып кетші кеш болмағанда деп айтты.

Ал менің аяқ астынан үйленуге жағдайым жоқ еді. Үйдің үлкен баласымын, әке-шешеме ауыртпалығымды түсіргім келген жоқ. Қаржы тапшы болды. Мен алып келгеніңмен әке-шешең басқа біреуге береміз десе, күштеп болса да алып кетеміз деп алып кетеді ғой деп әлсіздік таныттым.

Қыз жылап, маған шынымен өкпелеп, онымен бақытты бола алмайтынын сезіп тұрғанын, өз бақыты мен екенін соншама айтты.

Ақыры мен еш әрекет жасамаған соң әке-шешесінің айтқанына көніп жолдастарының баласына тұрмысқа шықты. Ішім ашып мен қала бердім. Бірақ ара қатынысымызды үзген жоқпыз, телефон арқылы сөйлесіп тұратын едік. WhatsApp-та сурет алмасып.

Ал тұрмысқа шыққан жігіт үйінің жалғыз баласы әрі ерке болып өскен екен. Әке-шешесімен дөрекі сөйлеседі, үйінде тұрмайды. Түннің бір уағында ішіп келіп, үйленгендеріне бір ай болмаса да қоқаң лоқы көрсетуді шығарыпты. Құдайдың құтты күні сыраға тойып келеді. Әке-шешесінің айтқанын тыңдамайды. Үлкен жігіт болды, түнде қаңғыруын тоқтататын шығар деп әке-шешесі үйлендірген екен. Бірақ онысынан түк шықпады. Ақыры не керек бір ай өтер-өтпес бала қызға қол көтеретін болған.

Ақыры осыған шыдамаған қыз, әке-шешесін шақырып үйіне кетіп қалды.

Ал мен әлі күнге дейін ол қызды, ол қыз мені жақсы көреді.

Оған үйленсем қалай болады екен? Әке-шешем не дейді? Қайтып келген қызды алсам қалай болады? Үйдің үлкен баласымын.

Қанның тазалығы, ертеңгі күні балаларым қалай болады екен? Әке-шешем, бауырларымның оған деген көзқарастары қалай болады деген сұрақ қатты мазалап жүр. Ол қыз мені не қыласың, мен енді ешқашан ешкімге тұрмысқа шықпаймын!-деп айтқанымен түпкі ішінде мені жақсы көретінін, бірге болғысы келетіндігін және мені неге кезінде алып кетпедің деген реніш бар екендігін сезем.

Жарайды ертең қыз, ешкімге тұрмысқа шықпаған қызды алғаныммен ертеңгі күні мінезі шатақ болып, туыстарыма жаман атты болып, маған қолдау білдірудің орнына менің басыма проблема жасап беріп отыратын әйелдің не керегі бар. Одан да қыз болмай, қайтып келген қыз болса да өмірді көрген, маған қолдау білдіріп, жанымның тыныштығы, қолдаушысы болатын қызбен неге бірге болмасқа деген ой келеді.

Осындай сұрақтармен басым қатып кетті. Сіз не ақыл айтасыз. Қанша дегенмен көпті көрген ағасыз ғой.
Айдос, мен бұл блогты бюостан босқа жазып отырған жоқпын. Жақында ғана әлеуметтік желілердің бірінен былтырғы үйленген 1000 отбасының 600-і ажырасқанын оқып қорқып кеттім. Сол ажырасқан жас әйелдер мен жас жігіттердің кей бірі болмаса көбінің енді от басын құрмай сол күйде баз кешіп кетпейтіні айдан анық қой. Міне солар біле жүрсін деген оймен жазған едім, бірақ бұл бір-біріңмен ажырасып, қайта қосылып жүре беріңідер дегенді, және мен оны қолдайды екен дегенді білдірмейді.
  Ал енді сенің айтып отырған жағдайыңа келсем өте күрделі жағдай. Бұндай жағдайдаең үлкен ауыртпалық (өсек, достарың, таныстарың арасындағы сыпсың сөз, ата-анаңның қарсылығы т.с.с.) барлығы сенің басыңа түседі.Әрі ол қыз біраз болсада күйеуімен тұрған екен, аяғы ауыр болуыда әбден мүмкін. Міне осылардың бәрін тарызылап, "Басында үйлене қоймаған өзімненде кінә бар, қандай қиындық болса да мойымай көтере аламын"-деп шешсең жақсы. Ал ішіңде ертең болмаса мен де ажыраса саламын деген жаман ой тығулы тұрса онда жоламағаның дұрыс. Әке-шешең қайда барады, олар баласының бағына қарсы тұра алмайды, бүгін болмаса ертең немерелі болғанда бәрібір көнеді. Үй болып, өмір сүретін сен болғандықтан өзің он ойланып, тоғыз толғанып шешкенің абзал. Бір нәрсені айта кетейін, егер аяғы ауыр болса онда сенің ауыртпалығың екі еселене түседі.
олда дұрыс шығар мен екіншірет беті ашылмайды деген пікіріңізге қосылмаймын себеі мысалы бірінші адай руына шыққан қыз екінші рет таз немесе табын найман,деген сияқты ру жігітке шығуы мумкін сонда ол басқа аулға яғный адай емес таздың ауылына жаңа келін болып келіп жатыр емеспа сіздін пікіріңіз ағасы оліп қайнысіне немесе сол аулдын жақын уйленбеген жігітіне алып қаладығо сол кезде тағыда қайталап бетін ашу керек емес дегенге жантасатын сияқты
Менімше Айдос, жүрегінді тындаганын абзал. Себебі коп, соз бок соз... Ата- анаңның алдынан өт те келісімін ал. Дос нагыз дос болса тусінеді,әрине душпан табалар. Ал тумаластарыннын өсегіне калармын ау десен қателесесің себебі бірге тумақ бар да бірге жүрмек жоқ... Маңғыстау облысынан
Бұл жерде сен әлсіздік таныттың, егер сенің махаббатың шынайы, пәк болғанда, сен ол қызды тындап, үйіңе әкелер едің, қалайша өз бақытыңды басқаға қидың? Сенің барлық айтып тұрғаның жай ғана өзіңді өзің ақтағаның, кезінде Қалқаман - Мамыр, Еңлік -  Кебек сияқты ғашықтар қорықпай бірге қосылды емес пе, міне қазіргі жастарға жетпейтін солардың шынайы махаббаты!Бәрі сүйемін дейді, ал осындай жағдай болғанда соны дәлелдей алмайды. Бір рет әлсіздік таныттың, енді екінші рет қайта солай жасап тұрсың.Саған өз сезіміңнен жұрттың пікірі маңыздырақ болып тұр.  Мейлі ажырасқан болсын, ол жаман болып күйеуі одан ажырасқан жоқ қой, ол сені сүйсе, сен оны сүйсең сендерге не бөгет болып тұр түсінбеймін. Тіпті, екіқабат болсын, баланың кінәсі жоқ , егер қызды сүйсен баласын да қабылдайсың.
115,541 сұрақ
292,615 жауап
152,700 пікір
58,824 қолданушы