Имандылық суретте емес, жүректе болуға тиіс.

Сәлем барлығына! Қазіргі уақытта Vkontakte, Instagram, Twitter тәрізді әлеуметтік желілерде имандылық туралы суреттер жазбалар көбейіп кетті. Өз парақшаларына иманды ,екенін, Алла жолында жүргендігі туралы жазады, әртүрлі суреттер салады. Бірақ, өздерінің жартылай жалаңаш суреттері жүреді. Қазағым, қайда барамыз? Әлеуметтік желіге сурет салу-күнә! Иә, мойындаймын, өзім біраз ғана уақыт бұрын білдім. Бірақ, біле сала суреттерімді өшіріп тастадым. Қарындастарыма, әпкелеріме айтарым-өз сұлулығыңды сатпа! Одан да хиджаб ки! Намаз оқы! Сенің лайк саныңнан сауабын молаймайды! Бірақ, хиджаб киіп те суретке түсіп, әлеуметтік желіге салатын әпкелер бар. Сонда, хиджаб кигендеріңді міндетсініп, жігіттерден жағымды сөз естігілерің келе ме? Жігіттер танысайық деп жабысса, тағы жылайсыңдар. Оларды барлығына кінәлаудың жөні жоқ! Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді! Осыны естеріңе сақтаңдар! Әлеуметтік желіге сурет салып, лайк жинағанша, хиджаб киіп, жақсы іс жасап, сауап жина! Имандылық суретте емес, жүректе болуға тиіс!
Өз ойым 10.11.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы