Жұмысқа баруды доғарудың 10 себебі. Шектеулі тәжірибе

Стив Павлинаның блогы

2. Шектеулі тәжірибе
Жұмыс істеу тәжірибе үшін аса маңызды деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ бұл «гольф ойнау үшін гольф ойнап үйрену керек» деген сөз секілді. Өмірлік тәжірибені жұмыс істесеңіз де, істемесеңіз де аласыз. Жұмыс тек сол жерде керекті тәжірибені береді. Осыған ұқсас нәрселерді оңай жасап кете бересіз. Сондықтан жұмыстың тәжірибесі әкетіп бара жатқандай маңызды да емес. Бірнеше жыл бір орында ештеңе істемей отырасыз. Сосын өзіңізді медитация шебері, тәжірибелі пәлсапашы немесе саясаткер атай саласыз. 
Жұмыста тәжірибе жинау деген бір нәрсені үнемі қайталау арқылы біржақтылыққа бейімделіп кетесіз. Жұмысқа енді тұрғанда ғана көп нәрсеге қанық боласыз. Сосын тоқырау басталады. Бұл сіздің бұдан да бағалы қабілеттеріңіздің ашылмауына себепші болмақ. Егер сіздің жұмыс істеу тәсіліңіз ескірсе, онда жұмыста орныңызды басуға құлықты, өкшеңізді басып келе жатқан жастарға жол беруге міндетті боласыз. Қазір алатын тәжірибенің қайсысы 20-30 жылдан соң бағалы болады деп өзіңізден сұраңызшы? Ол кезде сіздің бүгін тер төгіп жүрген жұмысыңыз сол орнында тұра ма екен?
Ойланыңыз. Қандай тәжірибе жинағыңыз келеді? Белгілі бір мамандық аясындағы жұмысты дұрыс меңгеру ғана ма? Ол сіздің уақытыңызды ақшаға айырбастайды. Болды. Немесе қалған өміріңізде қаржылық тәуелсіздікте болуды көрсететін білім жинау. Юұдан былай жұмыс іздеп шаршамау. Сіздерді қайдам, бірақ мен соңғысын таңдар едім. Қазіргі өмірде сол екіншісі пайдалырақ боолар еді. Солай емес пе? 
3. Бүкіл өміріңнің әдеті
Жұмысқа тұру деген жануарларды қолға үйрету бағдарламасына ұқсаңқырайды. Сізге қалай тіл алғыш үй құсы болуды үйретеді. 
Айналаңызға қараңызшы! Дұрыстап қараңыз! Не көрдіңіз? Айналаңыздағы адамдар еркін, азат ойла жандар ма? Әлде, сіз түйсігі жоқ жануарларды ұстайтын алтын торда отырсыз ба? Болмаса, кеңсеңіздегі тұсқағаздардың түсіне ғашықпысыз? 
Тіл алғыштықты қалай меңгеріп жатырсыз? Жақсы тәртібіңіз үшін иеңіз марапаттап жүр ме? Қожайынның дегенін бұлжытпай орындамаған кезде жазалай ма? 
Бойыңызда еркіндіктің ұшқыны қалды ма екен? Әлде мұндай өмір дағдысы сізді үй құсына айналып үлгерді ме? 
Адамдар алтын торда тұру үшін келген жоқ жер бетіне... Байғұстар-ай...

4. Қомағайларды тойдыру мүмкін емес

Ең көп салық жалданып жұмыс істейтіндердің жалақысына салынады. АҚШ-та тапқан жалақыңның тең жартысы салыққа кетеді. Салық жүйесі сіздің қаншалықты көп салық төлейтініңізді көрсетпеуге тырысады. Кей салықтарыңызды жұмыс беруші төлеп тастайды. Кейбірі жалақыдан ұсталады. Бірақ сіздің жұмыс берушіңіз оның бәрін сіздің жалақыдан ұсталатынын біледі. Сіз алатын кез келген қосымша ақының бәрінен салық ұсталады. Кеңсені жалға алу ақысын да с іздің жалақыдан шығарып алады. Сондықтан сіз көп табыс табуға тиіссіз. Ұжымнан қолдау көретін боларсыз. Оны да төлеп тастағаныңызды ұмытпағайсыз. 
Табысыңыздың тағы бір бөлігі кәсіп иесі мен инвесторлардың қалтасына кетеді. Сіздің жалақыға аузын ашқан қомағайлар тым көп. Қызметкерлер неге жалақысының көбін салыққа беретінін түсіну қиын емес шығар. Салық жүйесін кім қадағалайды? Ол кімге пайда түсіреді? Кәсіп иелеріне ме, инвесторға ма? Қызметкерге ме? 
Сіз өндіретін ісіңіздің бір түйіріне ғана ақы аласыз. Таза табысыңыз үш есе көп болуы керек еді. Қазір сізге төлейтін жалақыдан артық болар еді. Бірақ оны сіз ешқашан білмейсіз, көрмейсіз. Өйткені, оның бәрі тікелей бөтен қалтаға түседі. 
Сіз барып тұрған атымтай жомартсыз! 
5. Тым қауіпті жол
Жалданып жұмыс істеушілердің дені жұмысқа тұру ең қауіпсіз әрі сенімді жол деп ұғынады. Өзін асыраудың ең тиімді тәсілі деп біледі. 
Нақұрыстар. 
Қоғамдық пікір деген ғажайып бар. Ол ақиқатқа қарсы дүниелерге оп-оңай сендіре алады. «Жұмыстан босадыңыз» деген екі ауыз сөзбен бүкіл табысыңызды жоқ ететін жағдайға тап болдыңыз делік. Сенімді әрі қауіпсіз дей алатын жағдай ма? Бір ғана жалақының бетіне қарап отыру 10 табыс көзінен де артық па? 
Жұмысқа жалдану – ең тиімді табыс табу көзі деген ой жалпыда зор ақымақтық. Жағдайды өзіңіз бақыламаған соң оны қауіпсіз дей алмайсыз. Жалдамалы қызметкерде бақылай алу құқы болмайтыны анық. Жалданып жұмыс істеген екенсіз, онда сіздің шынтуайтындағы жағдайыңыз кәсіби ойыншы деңгейінде ғана қала бермек. 
(Жалғасы бар...)

Қызықты деректер 4.11.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы