Қазақстанға қатысты қанша әуе апаты бар екенін білесіздер ме?

әуе апаты

Египетте құлаған Ресей ұшағы әуе жолы қызметінің сапасына мән беру керек екенін тағы бір дәлелдегендей. Ресейліктер ұшақтың әуеде екіге бөлініп кеткенін айтуда. Бұған негіз бар секілді. Апатқа ұшыраған Эйрбас 321 ұшағы 2001 жылы Каир әуежайында артқы бөлігін зақымдап алған екен. Бәлкім, ұшақтың әуеде бөлінуіне осы себеп болған шығар.

Бритиш Эйруэйз

Жоғарыда сапа туралы айттым ғой. Меніңше, "Бритиш Эйруэйз" сапа жөнінен ешкімге дес бермейтін сынды. Бәлкім, ағылшындар бәрін ұқыпты жасайды деген стереотип қалыптасқан шығар. Жалпы осы компания өз тарихында бір-ақ рет аса ауыр апатты бастан өткерген. Оның өзі сонау 1976 жылы 476 British Airways және McDonnell Douglas DC-9-31 ұшағының соқтығысу салдарынан орын алған.

Ал әлем бойынша ең көп адам өліміне әкелген 100 әуе апатының ішінде Қазақстанға қатысты екі оқиға бар екенін білесіздер ме? 1996 жылы 12 қарашада Нью Делиде Ил-76 мен Боенг-747 соғысып, нәтижесінде 349 адам қайтыс болыпты. Азаматтық авиация саласында бұл адам өлімі жөнінен төртінші орында тұр. (Бірінші орында 9/11/2011 оқиғасы). Қазақстандық екінші ауыр апат 1980 жылы Алматы әуежайында болған екен. Шілденің 7-нен 8-іне қараған түні аспанға енді көтерілген Ту-154 ұшағы қайғылы жағдайға тап болып, әуе кемесі ішіндегі бүкіл жолаушы экипажымен бірге мерт кетті. Бұдан бөлек бірнеше апат болған екен елімізде. Ең соңғы есте қалғаны СКАТ-тың құлауы шығар. Елімізде енді мұндай апаттың бетін аулақ қылсын.

П.С. Біздің елде ескі ұшақтардың қолданылуына тыйым салу керек!

Абай Отар

Қазақстан тарихы 3.11.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы