Жаңалықтар адамдарды іздеп тауып алады

"Қазіргі кезде адамдар жаңалықты іздемейді. Керісінше, жаңалықтар адамдарды іздеп тауып алады".

Рас қой, ә? Бұрын газет арқылы жаңалық оқитынбыз. Кейін қазақру арқылы іздейтінбіз. Сосын гугл арқылы жаңалық іздейтін болдық. Ал қазір, вуаля, әлеуметтік желіде отырасың, сені жаңалықтың өзі іздеп табады. Тіпті әлеуметтік желіде отырмай-ақ қой, уаптсапта отыршы. Кемінде үш группадан бір жаңалық келеді.

Соңғы кезде баспа газеттердің неге өтпейтінін, оқылым азайғанын түсінгендей болдым. Интернеті интернет қой енді. Бірақ, оның да ішіндегі себебі, адамдарға бұрын ақпарат керек болды, ал оны газеттен басқа алатын жер болмады. Ал қазір ақшасы ай бұрын төленген интернетте мәлімет толып тұр, екіншіден, адамдар ақпаратқа тойған. Ал өзі тоқ жүрген адамға қалтасынан ақша шығарып, өткен аптаның не айдың мұрағатын сатып алып оқыған қайдан тиімді болсын? Демек, қазіргі газеттер жаңалық шығаруды мүлдем тоқтату керек те газетте тек қана сараптамалық мақалалар болуы керек деп ойлаймын. Ал жаңалықтарды бір сөйлеммен, бір тақырыппен-ақ беруге болады. Толық оқығысы келсе, qr код немесе битлай сияқты сілтеме тастай салсын.

Тимур Бектұр

Ақ парақтағы ойлар 28.10.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы