Фактчекинг: Дронмен жылқы бағатын шопан

дронмен қой бағатын шопан

Иә, Жамбыл облысында жылқысын дрон арқылы әуеден бағатын және басқаратын жылқышы жайлы "Казахстанская правдадан" бастап бәрі жазып шықты. Бәрі тамаша! Бірақ, ол жалған болып шықты
Неге бұл жаңалықты мен бөліспедім не реакция білдірмедім?

1. Себебі, http://aquatek-filips.livejournal.com/1020821.html- оригинал пост жарияланған күні соңғы абзацтың алғашқы сөйлемі (скрин жасап үлгермедім) "бұл енді түсінерсіз, әзілге жақын" дегендей екіұшты жазылған еді. Бүгін қарасам, ол сөйлемді алып тастапты. Себебі, жақсы "уткашылар" өзінің постында өтірігін ұстап беретін бір ілікті болсын, қалдырып кетеді. Постты екі рет қайтара оқып, әлгі сөйлемге тіреле берген соң, бұның "үйрек" екенін түсіндім. Сондықтан, бөліспедім.
2. Бұл Жамбыл облысы емес. Себебі, мынау фото автордың http://aquatek-filips.livejournal.com/1020572.html сілтемесіндегі алдыңғы постынан алынған. Ал бұл постта автордың Тараздан Оңтүстік Қазақстан облысына, оның ішінде нақты Түлкібас ауданы, Шақпақ баба ауылынан өткені анық жазылған және фотолармен көрсетілген. Яғни, автор әдейі оқырмандарының зейінін тексеру үшін "Жамбыл облысы" деп әдейі жазып отыр.

3. Жылқышының үстіндегі ескі киімі мен кемі 200 000 мың теңге тұратын iPhone 6 телефоны және кемі 900 000 - 1 миллион теңге тұратын DJI Inspire 1 коптері еш сәйкеспейді. Қолына алғаш ұстап тұрғаны ебедейсіз қимылынан-ақ көрініп тұр. Ең болмаса, Алмасбек Садырбаев ағамыз секілді шаруа қожалығының басшысы, яки дәулетті екені жазылса, сенуге тұрар еді. Коптерді қондырғаннан кейін салатын боксы не 5 аккумуляторды қоятын көлік демейікші, ең болмаса, мотоциклі көрінбеген соң да, бір күмән туған...

4. Фотоларда ең көп деген 6-ақ жылқы тұр. 500-600 бас үйір болса, түсінер едім. Көлем жоқ. Сәйкесінше, алты жылқыны миллион теңгенің коптерімен ысқырып бағу деген ақылға сыймайды. Ал соңғы фотоның тым кәсіби болуы бірінші көрген кезде-ақ секем салған еді...

Иә, біздің Қазнеттің қаһарманына айналып шыға келген шопанның шын бейнесі осындай. Коптерсіз)
Алдағы сейсенбіде, Мемлекеттік басқару академиясында өтетін лекциямда бұны әрине, айтып өтемін)

Өркен Кенжебек

Қызықты деректер 25.10.2015 жариялады
116,477 сұрақ
295,938 жауап
152,990 пікір
61,684 қолданушы