Windows ОЖ қалай қондырамыз?

Бұл көп адамда кездесетін жағдай. Windows-ты кетіріп аламыз н/е басқасына ауыстыру керек болады. Бұндайда программистердің көмегі керек болады. Өз басым 3-4 рет қондырттым соларға. Басқа windows-қа ауыстыру керек болды, тағы біреуінде рабочий стол түгелімен жоғалып кетті. Сосын программистерді шақыра беріп ақша төлегенше неге өзім үйреніп алмаймын деген ойға келдім. Сол аздаған білетіндерімді сіздермен бөлісемін. Мен Windows 8.1 көрсетемін, windows 7 де одан көп айырмашылығы жоқ. Бірінші ОЖ құйылған флешка н/е дискадан бастаймыз. Егер ОЖ құйылған диск н/е флешка болса келесіге көшеміз. Ал жоқ болса дайындап алуға тура келеді. Мен флешкамен құюды көрсетемін. Ол үшін бірінші ОЖ-ны интернеттен жүктеп, белгілі бір папкаға сақтау керек. Оны флешкаға құю үшін қосымша программа керек болады. Оның әртүрлісі болады, мен Ultra ISO дегенді пайдаланамын. Ultra ISO программасын ашамыз, одан әрі мына суреттерден қарауға болады. 

1 сурет.

Бірінші тұрған файл дегеннен( 1 сурет ) открытты басып интернеттен жүктеп алған ОЖ-мызды қоямыз, программаның ішіне файл, папкалар түрінде түседі. 

2 сурет.

Самозагрузка деген бөлімнен (2 сурет) записать образ жесткого диска дегенді таңдаймыз. 

3 сурет.

3-ші суреттегідей терезе ашылады, ортадағы белгіленген жердегіге флешкамызды таңдап қоямыз. Флешканың іші бос емес форматировать басып тазалап алу керек сосын записать басамыз, аяқталғанын күтеміз. Ж/е сол флешканың атын еске сақтап қоюға болады, ОЖ құюды бастағанда керек болады. Бәрі дұрыс болса запись завершена дегенді көреміз суреттегідей. 

4 сурет.

4-ші суреттен қарағанда флешкамыздың түрі өзгергенін байқауға болады ж/е ішінде папкаларды болады. Енді құятын ОЖ дайын болды келесіге көшеміз. 

5 сурет.

Мой компьютерге кіріп жесткий дискілердің ішінен қазіргі windows тұрған дискамызды қараймыз, windows-тың суретімен белгіленіп тұрады ж/е көп жағдайда С әрпімен белгілі. Жаңа windows-ты(ОЖ) осы дискіге құйғанда керек болады. Сол дискамыздың размерін қарап алуымыз керек н/е қағазға жазып қойыңыз. Суреттен көргеніңіздей(5 сурет) менікінде общий размері 244ГБ деп тұр. Windows құйылған флешкамыз қосулы болсын, ары қарай перезагрузка жасаймыз. 

6 сурет.

Қосылып  экранға процессордың логотипы шыққанда бірден загрузочный дискке кіруіміз керек, логотиптың астында подсказка болады соған кіретін, клавиш көрініп тұрады. Мысалы менің процессорым Acer деген(6 суреттегідей), астында F12 Enter setupe, DEL Boot device деген клавиштер тұрады. 

7 сурет.

Загрузочный дискке кіру үшін перезагрузка жасалып, процессорыңыздың логотипі көрінген бойда F12 клавишін басамыз(сіздікі мүмкін басқа клавиш болар) 7-ші суреттегідеq терезе ашылады. Ішіндегі дискілерден windows жазылған флешкамызды таңдаймыз(флешканың атын ұмытпаған боларсыз) Егер ондай флешка екеу болып тұрса алдында UEFI деген сөзі жоқ флешканы таңдаймыз. 

8 сурет.

Одан әрі windows-тың суреті шығады, язык, время, дата дегеннің настройкасы шығады( 8 сурет) далеены басамыз.

9 сурет.

Одан кейінгіде windows-ты жаңадан құятын болғасын Выборочная: только установка windows(для опытных пользователей) деген екіншісін таңдаймыз 9-шы суреттегідей. 

10 сурет.

Келесіде( 10 сурет) мұқият болуымыз керек. Шыққан дискілердің ішінен құятын дискамызды таңдаймыз, ол үшін қайтадан еске түсіреміз менің С дискамның размері 244ГБ болатын сіз өзіңіздікін таңдап астында форматировать басып тазалап аласыз, сосын далеены басамыз. 

11 сурет.

Установка жүреді(11 сурет), күтеміз, завершениеге жеткенде перезагрузка болады, сол кезде флешкамызды алып тастауымызға болады, енді керек болмайды. Компьютер қосылады, түсін таңдаймыз, компьютердің атын жазамыз латынша. Интернет қосу, windows-тың кілтін жазу дегендерден пропустить, далее басып өтіп кетеміз. 

12 сурет.

Одан кейінгі соңында исползовать стандартные параметры(12 сурет) басамыз. Рабочий стол шығады интернетке қосыламыз. Активацияның интернетте кілттері толып жатыр, жүктеп алып жасауға болады. 

13 сурет.

Кейбір жағдайларда (ноутбуктерде) windows қондырғанда загрузочный дисктің менюі болмауы мүмкін жоғарыдағы F12 клавиші сияқты. Ондайда DEL клавишін басып BIOS настройкасына кіреміз( 13 сурет) Флешкамызды Boot деген бөлімнен көруге болады. Флешканы 1-ші орынға қоямыз. Әркімде әртүрлі стрелкамен 1-шіге барып флешкамызды қоямыз н/е оң жағындағы подсказкадан қарап флешканы 1-ші орынға ауыстырып қояды, сосын F10 басып YES басамыз. Бұл жазылғандар біреуге болсын, болмасын аз да болса көмегі тиіп қалар.

Компьютерлер туралы 15.01.2015 жариялады

10 пікір

windows 8.1  қай сайттан көшіріп алдыңыз, сылкасын жеберіңші. Блогыңыз керемет.
10-суретте системный дискті таңдау қажет. Системный дискте терезенің бағдарламасы және барлық системалық файлдар қоры, барлық бағдарламалар орнатылады. Ал басқа дискті таңдап, форматировать етіп жіберсеңіз компьютердегі бүкіл файлды жоғалттым дей беріңіз.
Елеке, ол мысалдағы сурет. Перезагрузка жасамас бұрын системный дисктың общий памятын есте сақтап алу керек деп жазғанмын. Сол суреттегідей терезе ашылғанда системный дискты сол жағында жазылған памятына( общий размер деп белгіленген) қарап таңдай алады.  Белгімен көрсеткенім де сол үшін, кейде свободно памят пен общий памятты айыра алмауы мүмкін.
***monsi*** , torrentino.net сайтынан алуға болады.
ОЖ орнатудың ең тиімді жолы DVD дисктен орнату, флешкаға көп сенім жоқ. Дискке жазуға арналған қарапайым утилиталар бар, UltraISO тым ауыр бағдарлама, шәйнектер түсінуі қиын. Ақпараттың пайдалы екен рас... Жазып тұр
Интернеттен көшірмей өздерің орнатқан кездегіні көрсетсеңдер деймін. Суреттер бірде windows 7 орнату бетініңкі. бірде windows 8
en_amor, қайсысы 7? 8.1 орнатқанда да көретініміз дәл осындай параметрлер, айырмашылық байқамадым. Менікі орнатылып қойған, көргің келіп тұрса, бір күні тағы құйғанда видеосын салармын.
Еркебұлан Сақтағанов, Иә видеосын сал.. Сәттілік!
Қызықсыз, бірақ жаңадан үйренушілерге пойдёт.
Gani_DOS, Иә бұл спецке емес жаңадан үйренушіден жаңадан үйренушіге арналған. Ж/е оны қондырғанның несі қызық? Қызықтар басқа жерде ғой бұл жерде емес))
116,249 сұрақ
295,157 жауап
152,907 пікір
61,044 қолданушы