О'Хәдхантиң немеcе SMM маманына іздеу саламыз! (Серьезный пост)

Құрметті жолдастар! Бір минут назарларыңызды бөлуге рұқсат етіңіздер!
Еліміздегі ірі Ұлттық компанияның Ұлттық жобасына өзін саймын дейтін сайыпқыран әрі қазақ һәм орыс тілдерінде (ағылшын болса тіптен жақсы) еркін шарықтай алатын SMM маманын іздейміз!

СІЗДЕН МОРАЛЬДІК ТАЛАП ЕТЕРІМІЗ:
- Командада ізетпен жұмыс істей білу;
- Кабинеттен шығып кеткен адамды өсектемеу;
- Коллективті жік-жікке бөлмеу;
- Айына 21 рет ауырып қалмау;
- Үйіңіздің кілті қалып кетіп, шыға алмай қалмау;
- Таңертең пробкада тұрып қалмау;
- Істейін деп жатқан кезіңізде табиғи һәм коммуналды апаттардың орын алмауы;
- Орынбор көшесінде көлік апаты болып, айналып келуге тура келмеу;
- Біз тарапымыздан берілген 2 сағат түс уақытын тиімді уақытымен пайдалану;
- Ішіңізден боқтамау;
- Сыртыңыздан боқтамау;
- Боқтамау;
- Отпускнойды алып тайып тұрмау;
- Онсыз да ешқашан айлықты кешіктірмеген бухгалтерияға хабарласып, олардың миына SMM*** жасамау;
- Ертең жасай салатын* ізгі қасиеттен жұрдай болу;

СІЗДЕН КӘСІПТІК ТАЛАП ЕТЕРІМІЗ:
- SMM негіздерімен жетік таныс болу;
- Web негіздерімен жетік таныс болу;
- PR негіздерімен жетік таныс болу;
- Facebook, Twitter, Instagram, Vkontakte желілерінде сауатты SMM жасау;
- Joomla, Wordpress, Drupal жүйелерінің мұрын мен миға иісі бару;
- Photoshop, Corel графикалық редакторларының жұмыстарын иіскей алу;
- Қызықты әрі пайдалы, көпшілікті позитивті жандандыра алатындай жазу мәнері мен кері байланыс һәм сауатты дискуссия орнату өнері болу;
- Қоғамдық пікірді қалыптастыру яки қалыптасып қойған оң пікірді оңайта* түсу;
- Пресс релиздер жазудан таланты тәжірибесі болу;
- Осылардың барлығы тексерілетінін біліп, жұмыстарымен дайындалып келу;

ҚАНДАЙ SMM-ШІ КЕРЕК ЕМЕС?
- Достар, отиниш лайк басыныздаршы! Достарынызга да айтынызшы, плиииииз!
- Анаңның өмірі ұзақ болсын десең Лайк бас!
- Қазақтар, лайк басыңдар! Қанша екенімізді көрейік!
- Ұлтыңды сүйсең, лайкыңды аяма, досым!
- Нағыз мұсылман болсаң, лайк бас!
- Өтірік Христиан болсаң, лайк бас!
- Орташа Буддист болсаң да, лайк басшы, отиниииш!
- Привет, сонгы постымды паделитца етші!
- Өөйй, лайкбас!
- т.б

ҚАЙДА, ҚАЛАЙ, НЕ ҮШІН ОРНАЛАСУҒА НЕ МА, НЕ КЕРЕК?
- Алтын тәжірибеңіздің барысында жеткен нәтижелер мен портфолиоңыз;
- Алтын басыңыз анық түскен бірнеше сурет; 
- Алтын басыңыз туралы толық ақпарат қамтылған резюмеңіз (инглишше айтқанда CV);
- Алтын телефоныңызға шақыру барған соң, айтылған уақытта келу керек тәніңіз, желательно жаныңызбен бірге;

МЕКЕН ҺӘМ ЖАЙЛАРЫМЫЗ:
- Электронды почтамен келсеңіз: >>> msherimbek@gmail.com
- Ұшақ, тікұшақ, сыпырғымен келсеңіз: >>> @51.1244567,71.4353014
- Көлік, автобус, жаяу келсеңіз: >>> Астана қаласы, Орынбор көшесі 18 үй, "Қаржы Орталығы", 2 қабат, 223 кабинет

Wazzzap сервисі арқылы енді сұмдық ультрамаңызды тесіп бара жатқан қосымша сауалдар болса, хабарласуларыңызға болады: +77759641491 нөмірінен Адмирал-Психолог-Инженер Садық Шерімбекті сұрасаңыз жауап береді.

ЖОҒАРЫ ТАЛАПТАРДЫҢ ЖАРТЫСЫНАН КӨБІ БОЙЫҢЫЗДА БАР КРЕАТИВКЕ ТОЛЫ ҚЫЗ НЕМЕСЕ ЖІГІТ БОЛСАҢЫЗ, ОНДА СӘТТІЛІК!

Негізі мамандық 13.10.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,369 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы