Спорт жылы

Спорт жылы

2015 жыл аяқталмаса да биыл Қазақстан үшін - "Спорт жылы" болды деп нық сеніммен айта беруге болатын шығар.

Әрине мұнай бағасының құлдырауы, теңгенің құнсыздануы, әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған сарбаздар секілді жағымсыз жаңалықтарға толы жыл болғанымен дей тұра, Қазақстанның биылғы спортта жеткен жетістіктері барлық өкініштердің орнын алмастырып кетті.

Қазақстан РИО 2016 сурет

Қайрат пен Астана футбол клубтарының жетістіктері, Қазақстан бокс құрамасының Азия ойындарында алған алтындары, Алматыда өтіп жатқан ‪#‎TourofAlmaty2015‬ шарасы, Геннадий Головкин мен Қанат Исламның әр сайысы сайын жеңіс тұғырынан көрінуі көптеген жас жеткеншектердің көкірегінде спортпен шұғылдануға, жанкүйер болуға деген серпіліс туғызып, намысшыл елдің батырлары шығуына себепкер болуда.

Құдай қаласа келесі жылы Бразилияда өтетін Rio 2016 Олимпиада жарысында Қазақстан спортшылары Лондонда жеткен жетістіктерін екі есе қайталайды деген үміт те жоқ емес!

Спорт 4.10.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы