Егер бүкіл ақылдыларды бір ортаға жинасақ не болар еді

ақылдылар

Егер бүкіл ақылдыларды бір ортаға жинасақ не болар еді деген ой сіздің ойыңызға келді ме? Нәтижесі қалай болар екен? Түрлі ғаламдық проблемалардың шешімін табар ма еді, әлде тым ақылдылық зияның тигізер ме еді? Анықтай келсек, ақылдылардың басын қосқан ұйым бар екен. Бұл ойды алғаш болып жүзеге асырғандар австралиялық барристер Рональд Беррил мен англиялық ғалым және қорғаушы Ланцелот Лайонел Ваер болатын. Алғашында ұйымға “Mens”(лат. ақыл-парасат) атауын беру жоспарланып, кейіннен түрлі келіспеушіліктерге жолықпас үшін “Mensa”(лат. үстел, отырыс) деген атау берілді. Mensa атауы бұл – нәсіл, ұлт, политикалық көзқарасына байланыссыз бір дөңгелек үстел басына жиналу деген идеяны білдіреді. Идея ұйым логотипінен де көрініс тапқан. Логотипте парсонс деп аталатын үш аяғы ғана көрініп тұрған төртбұрышты үстел бейнеленген. Тарихы 1946 жылдан бастау алған Mensa ұйымының мақсаты ақылды адамдарды және зият(интеллект) пен оның табиғатын зерттеу жұмыстарын қолдау болып табылады. Ұйым бұл мақсатын толық орындады десек те болады. Себебі бұл қоғамды құрған ұйымдастырушылар зияткерлерге әрі қарай дамуға және өздері секілді ақылды адамдармен араласып, ой алмасуға мүмкіндік берді. Үміткерлері қатал іріктеуден өтсе де, ұйым мүшелерінің саны қазірде 120 мыңға жетті. Менсаның ең үлкен ұжымы- 56 мың менсалықты қамтыған америкалық және 25 мыңнан аса мүшесі бар британдық менса ұжымдары.Әлемнің елу елінде "Менсаның" бөлімшелері орналасқан. Қазақстанда әзірше ашылмады. Соған қарамастан, кез-келген адам оның тегі шыққан жеріне байланыссыз ұйымға мүшелік ете алады, тек қана бір талап- ақылдылық. Иә, талаптарға көшсек, " менсалық атану үшін сізге ең алдымен логикалық ойлауға негізделген "Mensa Workout" деп аталатын сынақтаманы онлайн нұсқада ағылшын тілінде тапсырасыз. (Бұл өзіңізді тексеру үшін) Бар жоғы 30 минут ішінде 30 сұрақтың кем дегенде 25 сұрағына дұрыс жауап беру керек. Содан кейін ұйымның орталығына барып, ақылы түрде стандартты IQ сынақтамасын тапсыра аласыз. 98% жұртшылықтың IQ көрсеткішінен басып оссаңыз, яғни 140 ұпайды немесе одан жоғары иеленсеңіз, өзіңізді “менсалық” атауға толық құқыңыз бар.

Қазірде менсалықтардың жас мөлшері 4-94 жас аралығында, ал орташа жас мөлшері 20-49 жас аралығын көрсетеді. Өткен сандарымызда біз бір күннің ішінде танымал болған 12 жасар Николь Барр туралы жазған болатынбыз, ұйымның мұндай атақтылары аз емес, мәселен, фантаст-жазушы, біршама ғылыми кітаптардың авторы Айзек Азимов, әлемдік деңгейдегі әнші Мадонна және IQ ұпайының арқасында “ең кішкентай ақылды адам”деген секілді атаққа ие болып, жастайынан (2-3жас) танымалдықтың дәмін татып келе жатқан бүлдіршендер де бар. Менсалықтар өте ұйымшыл қызығушылықтарына байланысты түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, жиі бас қосып тұрады. Мәселен, америкалық менса ұжымы АҚШ-тың тәуелсіздік күніне орай жиналады. Шара барысында, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, шахмат ойындарын ұйымдастырумен қатар, концерттік бағдарламар да өткізіледі.

2006 жылы Менсаның дүниежүзілік жиыны 8-13 тамыз күндері Флорида штатының Орланда қаласында өтті. 60 жылдығын атап өту мақсатында өткізілген жиынға әлемнің 30 елінен 2500 менсалық атсалысты. Келесі жылы өзінің 70 жылдық мерейтойын тойлайтын Mensa International ұйымы дәл бүгін, яғни 1 қазан Ваер мен Берриллдің келісімшартқа қол қойған күні 69 жасқа толып отыр. Менса қазіргі таңда өз мақсатын жоғары дәрежеде орындап отыр дегенімізбен 50 жылдық мерейтойында негізін қалаушылардың бірі Ваер ұйым мүшелеріне мынадай мәлімдемемен ойын білдірді. “Менса өзінің бала шағынан үлкен өмірге аяқ басады деген сенімдемін және мені менсалықтардың уақыттарының көп бөлігін есептер шығарумен жұмсайтыны қыңжылтады”,-деп менсалықтардың қоғамда орын алып жүрген шынайы проблемалардың шешімін табуға атсалысқаның қалайтының жеткізді. Расымен де, бұл жерде гуманитарлық маман иелерінің бұл ұйымды құрған кездегі мақсаты – ақылдылардың ұйымын құрып қана қоймай, олардың әлемді жақсартуда өз үлестерін қосады деген үмітпен орындалған бастама екені көрінеді. 13:05:10

Ғылым 1.10.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,369 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы