Несие тарихы ұялы телефоныңызда

Енді қаржылық беделіңізді басқару оңайлай түсті. Бұл үшін қосымшаны ұялы телефоныңызға жүктеп алсаңыз болды.

Бірінші несие бюросы ұялы телефонға арналған қосымша жасалғаны туралы хабарлайды. Бұл қосымшаның көмегімен Қазақстанның кез-келген азаматы:

Несиесі туралы жеке есебін ала алады (несие тарихы)
«Несие тарихын бақылау «Credit Control» қызметіне қосыла алады.
Несие есебіндегі қате ақпараттар туралы дауласа алады.

Жеке несие есебі не үшін қажет?

Несие есебінде несие алушы туралы мәліметтер және алған несиелері бойынша нақты деректер – несиенің жалпы сомасы, несие алу мақсаты, кепілге қойылған мүлік бойынша ақпарат, несие беруші  банк немесе қаржы ұйымы туралы анық жазылады. Сондай-ақ несие алушының банктік қарызды қайтаруы туралы, оны уақытында төледі ма, төлем мерзімінен кешіктіру болды ма, несиесі қашан жабылды туралы ақпараттар да болады.

Қазіргі кезде несие тарихы клиенттің қаржылық төлқұжаты саналады. Банктер мен несие ұйымдары осыған қарап, несие беру әлде бермеу туралы шешім қабылдайды.

Ұялы телефондарға арналған  «Бірінші несие бюросы» қосымшасын мына жерден жүктеп алуға болады.

Android - play.google.com
IOS - itunes.apple.com

Қосымшаны өзіңізге қажетті кез-келген уақытта, «Бірінші несие бюросына» бармай-ақ қолдана аласыз. Қосымша қызметін толық пайдалану үшін ұялы телефоныңызға электронды-сантаңбалық қолтаңбаны орнату керек.

Деректің тұпнұсқасы мұнда 

Қаржы мәдениеті 8.09.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы