New Horizons үшін жаңа бағыт белгіленді

NASA New Horizons

NASA New Horizons ғарыш аппаратына қойылған жаңа мақсатын айтты. Оның алдағы мақсаты - Койпер белдеуінде орналасқан, 2014 MU69 есімді обьекті. Болжамдар бойынша, оның диаметрі 45 километрден сәл кем. Аспан денесіне жақындау 2019 жылдың 1 қаңтарына күтілуде. Ол туралы Джон Хопкинс университеті ғалымдары хабарлады.

Мамандар болашақ мақсатты Койпер белдеуінің бойында анықталған 2 обьектісінен таңдады, ол 2014 жылы «Хаббл» телескопы анықтаған — MU69 және PN70. Алдын ала таңдау MU69-ге түсті, сонымен қатар PT1 («Потенциалды мақсат 1») — ол Плутон орбитасынан 1,6 миллиард километрде орналасқан және ғарыш аппаратының қазіргі траекториясынан алыс емес. Объект орташа кометаның өлшемінен 10 есе үлкен, бірақ сонымен бірге New Horizons жақында болған карлик планетадан 100 есе кішкентай.

New Horizons-тың аспан денесіне ұшып жетуіне 3 жылдан астам уақыт керек болса да, таңдауды қазір жасау керек болды. Себебі зонд неғұрлым маневрларын тезірек бастаса, соғұрлым мақсатқа жету үшін азырақ отын жұмсайды. Қазірдің өзінде қазан аяғы мен қараша басында төрт ғарыш маневр жоспарлануда. Үнемделген отын денеге барынша жақындағанда және болжамнан тыс қауіптерден қорғануға керек болады.

Толық шешімді шығару үшін New Horizons тобы миссияны ұзартуға өтініш жазады. Болжам бойынша ол 2016 жылы болса, сол кезден өтінішті толық сараптап және тек содан кейін қаржыландыруды жалғастырады.

New Horizons Плутонды - Күн жүйесінің тоғызыншы планетасын зерттеу үшін құрастырылған, құрастыру уақытысы 14 шілдеден бастап, шамамен 10 жылдан кейін, аппарат карлик планетадан 12,5 километр арақашықтықта секундына 14,5 километр жылдамдықпен ұшты. 9 күнде аппарат 6 Гбайт ақпарат жинап, алдағы бірнеше жылда Жерге жіберіп отырады. Қазір New Horizons өзінің қозғалысын жалғастыруда, оның Жерге дейін арақашықтығы 4,5 миллиард километрден астам.

Ғылым 1.09.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы