Тек қазақтар ғана

Тек қазақтар ғана "қайда барасың?" деген сұраққа "қазір келемін" деп жауап береді.

Тек қазақтар ғана қонақтар кетісімен "ал енді өзіміз отырып нормально шай ішейік" дейді.

Қазақтар ғана үйде ешкім болмаса сигнализация қосудың орнына корридордың немесе залдың светін жағып кетеді.

Тек қазақтар ғана шақырған жерге ылғи да кешігіп барады,

Тек қазақтар ғана "үйде кім бар?!" дегенде, "ешкім жоқ өзіміз ғой" деп жауап береді.

Тек қана қазақтың кәрі кісілері микрофон алдында 2 сағат сөйлейді.

Тек қазақтар ғана 7 атаға дейін қыз алыспаған. Сондықтан қазақтар Әлемдегі ең танымал генафондардың бірі.

Тек қазақтар ғана бір жейдені немесе бұлды  тойдан-тойға апара алады.  

Тек қана қазақ жігіттері досының бір қыз туралы айтып жатқанында тоқтатып " подругасы бар ма? "деп сұрайды. 

Тек қазақтар ғана өз тілі бола тұрып, өзге тілде сөйлейді.

Тек қазақтар екiге бөлiнедi: қазақша бiлетiн қазақ (таза қазақ) және қазақша бiлмейтiн қазақ (шала қазақ) болып. Басқа ұлттар бөлiнбейдi.

Тек қазақтар ғана екі сөзінің бірін тәуелсіздігіміздің арқасында, тәуелсіздік алдық деп бастайды

Тек қазақтар ғана 7 атасын біледі. олар өзінің , шешесінің, әжесінің, келіншегінің 7 атасына дейін біледі, одан тараған ұрпақтардың бәрін туыс деп санайды.

Сіз қазақтар жайлы не білесіз?

Қызықты деректер 15.01.2015 жариялады

3 пікір

СЖ сайтында тек қазақтар ғана отырады
Тек қазақтар ғана 2016 жылы Ақырзаман болатынына шынымен сеніп отырып, 2017 жылы ЭКСПО қалай өтеді екен деп уайымдайды

Тек қазақтар ғана барлық нәрсені жатып істейді: Бара жатырмын,келе жатырмын,сабақ оқып жатырмын )

116,250 сұрақ
295,169 жауап
152,911 пікір
61,061 қолданушы