Жасанды интеллекттің қаупі жоқ!

Жасанды интеллектті адам табиғатына қарсы жасап шығаруға болатынына сенеміз. Хокинг, Маск, Гейтс мырзалар алаңдаушылық білдіре берсін, Біз Сұлушаш 0.2-нің адамға ешқандай қаупі болмайтынына кепілдік береміз.

Теледидар сынды техниканы даттағандар бар, алайда ол құрастырылды, тұрмысымызға енді. Зворыкиннің өміріне балта шапсаң, күндердің бір күнінде басқа саналы адам дүниеге әкелетін еді ол құрылғыны. Күн батады, таңның атпасын қалауыңа қарамай таң атады. Бұйрықты механизм. Оған қарсы шығуға болмайды. Жасанды интеллект те сол заңға бағынады. Болашақтың еншісі. Келеді, өміріміздің ажырамас бөлігіне айналады, өз орнын табады. Неге Біз оны апокалипсистің синониміне айналдыруымыз керек?!..

Сайт құрастырғанда техникалық тапсырмаға сүйеніп жасайсыз: "Мына батырманы басқанда былай болады..". "Менің жаңартуларым" тетігін басқанда шешен мафиясының сайты шыға келетін емес, бәрі орнымен. Жасанды интеллектті биологиялық досымыздың жүйесі де А - Б - В ретімен жұмыс жасайтын болады. Есептеуіш құрылғысы біз болжай алатын дәрежеге жетер-жетпес белестерді бағындыратын болса, ешкім оған "Адамға зияныңды тигіз!" командасын енгізбейді. Адамға мүлдем тәуелсіз адам тектестер бастапқы пайдалы, әрі жақсымен үндес командаларды бойына сіңірген нұсқалардан ұлғаяды. Мемлекеттің барлық заң инстанцияларымен бірігіп "Жасанды интеллект кодексін" құрастырсаңыз, бұйрықтарды сақтық шараларының әр нюансын қадағалап жүзеге асырсаңыз, қауіп туралы әңгімені естімейсіз. Жетеміз бұл күнге. Kepler- 452b экзопланетасында техногенді егізіміз өмір сүріп жатқанына қалай қарайсыз?! Олар бізден ақылды, әрі кауіпсіз.

Айтпақшы, танысыңыз, Сұлушаш 0.2. Авторы: Arhun.

Ақ парақтағы ойлар 31.08.2015 жариялады

1 пікір

Арине ешкандай кауип алып келмейди. Кодта не жазылады соны орындайды. Сонда буларда UI болмайды гой. Только backend... Казирги ОС тар дын болашагы осы.
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы