Оқушылардың уәждеме саласының диагностикасы

Оқушының алдына қойған мақсатты, мәселені, тапсырманы тез шешуіне, жаңа тақырыпты жақсы меңгеруіне уәж керек. Уәж (motive) - түрткі болатын себеп, әлдебір әрекет жасауға желеу, әлдененің пайдасына уәж; психологияда-қажеттілік, түйсік, әуестік. Соңымен уәждеме деген не? Уәждеме–бiлiм мазмұнын белсендi игеруi мен танымдық iс-әрекетке ниеті. Танымдық iс-әрекетке ниет белсенділігі оянбаса, оқу мен оқыту нәтижесіз болады.

Оқу уәждемесi – оқу мақсатына жету үшін қажет болатын белсенділік. Оқушыларға ең мәнді болатын келесі уәждер:

  • Танымдылық;
  • Коммуникативтілік;
  • Эмоционалдық;
  • Өздігінен дамуы;
  • Оқушы позициясы;
  • Жетістігі;
  • Сыртқы (марапаттау, жазалау).

Оқушылардың уәждеме саласының диагностикасы

/ Уфимцева Л.П. /

Оқуға уәжін анықтауы

Мақсат: Оқуға деген жеке уәжін анықтау

Сауалнама

Қолдану нұсқаулығы: Сауалнаманы ықыласпен оқып шықта, сенің қалауын бен талпынысына сәйкес келетің жолдардың астын сызып белгіле.

Ескерту: үштен артық белгілеуге болмайды.

  1. Сабақта қызықты болғаны үшін оқимын.
  2. Сабақта нашар баға алғаныма ұрсатындықтан оқимын.
  3. Көп білігім келетіндіктен оқимын.
  4. Жұмыс істегенде жеңіл болу үшін оқимын.
  5. Ата-анамды қуанту үшін оқимын.
  6. Жолдастарымның артында қалмас үшін оқимын.
  7. Оқыған ұнағандықтан  оқимын.
  8. Жақсы оқығанымды мұғалімдер мақтағаны үшін оқимын.
  9. « 2 » алғаным үшін ата-анам жазалайтындықтан оқимын.
  10. Жақсы оқығанымды басқаларға үлгі еткені үшін оқимын.
  11. Көп жаңа білім алатындығымнан оқимын.

Қорытындылар:  Егер сауалнамада төмендегі сұрақтар таңдалса: 

1; 7; 11 –  таңымдық уәжге сәйкес келеді;

–  3; 4  – кең әлеуметтік уәжге  сәйкес келеді;

–  6;10 – тар әлеуметтік уәжге  сәйкес келеді;

–  2 ; 9 – Реніштіктерден бой жасыруы;

–  5 ; 8 – Мақулдануға бағытталу.

 

Сараптама жасау кестесі (мысалы)

Аты-жөні

Таңымдық уәжі

кең әлеуметтік уәж  

тар әлеуметтік уәж  

Реніштіктерден бой жасыруы

Мақулдануға бағытталу

1

7

11

3

4

6

10

2

9

5

8

1

А оқушы

+

+

+

 

 

 

 

 

 

 

 

2

В оқушы

 

 

 

 

 

+

 

 

 

+

+

3

С оқушы

 

 

 

 

 

 

 

 

+

+

+

Пайдалы кеңестер 31.08.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы